Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тәжірибеге бағыттап білім беру – заман талабы

Тәжірибеге бағыттап білім беру – заман талабы
ашық дереккөз
Тәжірибеге бағыттап білім беру – заман талабы
Күн санап білім саласында заман талабына сай жаңалықтар, өзгерістер болып жатыр. Солардың бірі – тәжірибеге бағыттап білім беру, немесе дуальді оқыту. Әрине, тәжірибеге бағыттап білім беру бүгін пайда болған жаңалық емес, бірақ заман ағымына сай талаптар күшейіп келеді. Жоғары білім беру ұйымдарында дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 шiлдедегi №361 бұйрығының негізінде дуальдік оқыту жүйесі шеңберінде пәннің оқыту материалының 40 пайыздан кем емес бөлігі өндірісте оқытылуы тиіс. Біздің оқу орнында 2023-2024 оқу жылында дуальді оқытудың элементтері 2, 3, 4-курстарда енгізіліп, студенттер кафедра филиалдарында практикалық сабақтар өтуде. Қазіргі таңда 29 білім беру бағдарламасының негізінде қала және облыс бойынша 45 мекемемен келісімшарт жасалып, оқу үрдісі басталып кетті. Олардың арасында балабақшалар, мектептер, колледждер, кәсіпорындар бар. Кәсіпорындар мен институт арасындағы келісім бойынша аптасына 1 рет студенттер мекеме негізінде ұйымдастырылған кафедра филиалында сабақ өтеді. Биылғы оқу жылында кәсіпорындар тарапынан институтқа 25 тәжірибелі оқытушы қосалқы жұмысқа алынған. Жыл сайын дуальді оқыту мәселесі бойынша институтта кафедра, факультет деңгейлерінде мекемелермен бірлесіп іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде осы оқыту жүйесін дамытудың перспективалары талқыланады, оқытушылар тәжірибелерімен алмасады. Әрине, студентке білім беріп, оны кәсіпорынға барғанда жұмысқа бірден араласа кететіндей дәрежеге жеткізу оңай емес. Осы тұрғыда бірқатар кәсіпорын үлкен үлес қосуда. Атап айтсақ, олар – №9, 28 балабақша, №3, 5, 12, 23, 31, 35, 39, 41, 47, 54 орта мектеп. Сонымен қатар «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жаңа Жамбыл фосфор зауыты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті, Кардиология және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы, «Банк Центр кредит» акционерлік қоғамның филиалы, облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, «Жамбыл стандарт» сертификаттау орталығы, Тараз қаласы полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімі көп көмегін тигізуде. Мысал ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті және «Банк Центр кредит» АҚ мекемелерін айтқымыз келеді. Аталған мекемелердің мамандары дәрістерін жоғары деңгейде өткізіп, мүмкіндігінше студенттерді болашақтағы мамандықтарының ерекшелікке толы қыр-сырымен жақсы таныстыруда. Тұрақты түрде осы мекемелерде кездесулер, «Ашық есік» күндерін ұйымдастыру жақсы үрдіске айналды.

Жарас Қуатбеков, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының экономика және бизнес факультетінің деканы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар