Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекет басшысы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

Мемлекет басшысы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады
Президентке Жамбыл облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі ҚР Президенті­нің ресми сайтына сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалатыны жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, негізгі капиталға құйылған инвестиция 17,3 пайызға артып, 517,2 миллиард теңгені құраған. Сондай-ақ көлік тасымалы саласы – 5,2 пайыз, құрылыс – 18,7 пайыз, байланыс – 7,2 пайыз, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 4,7 пайызға өскен. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 2023 жылы облыста жалпы құны 75 миллиард теңге болатын 13 жаңа өндіріс іске қосылды. Биыл жалпы сомасы 180 миллиард теңгеден асатын тағы 28 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы инвестициялық жобалар пулына құны 2,3 триллион теңгені құрайтын 69 жоба енген. Оларды іске асыру арқылы 5,5 мың адамды жұмыспен қамтуға болады. Президентке шағын және орта бизнес субъектілері 864,9 миллиард теңгенің өнімін өндіргені жөнінде мәлімет берілді. Аталған салада жұмыспен қамтылғандар саны 18,5 пайызға артқан. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің даму барысы жөнінде айтылды. Өңірде сушаруашылығы нысандарын салу және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында биыл су үнемдеу және балықшаруашылығын дамыту жобаларына қосымша қаржы бөлінеді. Облыс әкімінің айтуынша, былтыр 2 030 оқушыға арналған 7 мектеп пайдалануға берілген. Ал биыл 13 380 орынға есептелген 29 білім беру нысанының құрылысы басталады. Оның ішінде 12 білім ордасы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынбақ. Бұдан бөлек 19 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде Тараз қаласында облыстық онкологиялық диспансер және Шу ауданында балаларды оңалту орталығы ашылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Даналық
Алдыңғы мақала
Даналық

Ұқсас жаңалықтар