Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлттық спорт қауымдастығы қаламгерлер арасында «Құлагер» әдеби байқауын жариялады

Ұлттық спорт қауымдастығы қаламгерлер арасында «Құлагер» әдеби байқауын жариялады
ашық дереккөз
Ұлттық спорт қауымдастығы қаламгерлер арасында «Құлагер» әдеби байқауын жариялады

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы және Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесе отырып қаламгерлер арасында «Құлагер» республикалық әдеби байқауын жариялады, деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі  Halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық спортты насихаттау және қаламгерлерге қолдау көрсету, оларды ұлттық спорт түрлері туралы жаңа туындыларды жазуға ынталандыру.

Байқауға қатысатын жұмыстар ұлттық спорт түрлеріне арналуы шарт. Байқауда мынадай номинациялар болады: ▫️Үздік поэзия ▫️Үздік проза ▫️Балаларға арналған үздік шығарма ▫️Үздік комикс ▫️Үздік драма ▫️Үздік деректі проза ▫️Үздік фантастикалық/мифологиялық шығарма Байқауға бұрын еш жерде жарияланбаған, тек қана осы жылғы қаңтар мен маусым аралығында жазылған жаңа шығармалар қабылданады. ✨Жеңімпаздарға «Құлагер» байқауының авторлық мүсіншесі және Ұлттық спорт қауымдастығы 2 000 000 (екі миллион) теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. Өтінім қабылдау 2024 жылдың 22 қаңтары мен 22 маусымы аралығында өтеді. Байқауға қатысуға өтінім беру үшін qulager.ultsport.kz сайтында сауалнаманы толтырып, шығарманы жүктеу қажет.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар