Жаңалықтар
«Өзімді сорлы адам сезіндім»: Танымал актер бәс тігу үшін барлық банктен кредит алып, қарызға батқанын айтты
- author AR-AY
- 22 қаңтар, 2024
- 314
«Өзімді сорлы адам сезіндім»: Танымал актер бәс тігу үшін барлық банктен кредит алып, қарызға батқанын айтты
Отандық киноларға түсіп, танымалдылығы артқан актер Еркебұлан Тоқтар осыдан үш жыл бұрын спорттық ойындарға бәс тігіп, қарызға батқанын айтты,-деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Qaz365kz-ке сілтеме жасап.
«Осыдан үш жыл бұрын, өмірімнің түбіне келіп тірелдім. Ол қалай болды? Бәрі бәс тігуден (ставка) басталды. Жарты жыл бойы ұтып, анау-мынау шығыныма, таксиге төлейтін ақшамды тауып жүрдім. Бірақ уақыт өте келе қойған бәстерім шықпай, қарыздарым көбейді. Топырлатып несие алдым.Банк бермейтін болғасын, ақырындап микрокредиттік ұйымдарға бас сұқтым. Қандай микроұйым несие береді, солардың бәрінен алдым. Соңғы рет 5 желтоқсанда 60 мың теңге алғаным есімде. Ол ақшаны 20 мыңнан үш рет қойдым, үшеуі де шықпады. 9 желтоқсан анам туған күні еді. Өзімді сорлы адам сезіндім. Бір тиын ақша жоқ. «Қандай адаммын мен, әке-шешеме ел қатарлы сыйлық бере алмадым, інілеріме дені дұрыс аға да боп жарытпадым» деп күйіндім. Содан өзімді қолға алам деп, іштей серт беріп, спортты қолға алдым», – деді Еркебұлан Тоқтар.