Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Коронавирус қайта өршуі мүмкін

Коронавирус қайта өршуі мүмкін
ашық дереккөз
Коронавирус қайта өршуі мүмкін
Соңғы кезде қауіпсіздік шаралары жеңілдеп, әлемді екі жыл әуреге салған пандемия аяқталғандай әсерде болғанымыз рас. Бірақ індет жұқтырғандар мен вирустың жаңа штамы туралы хабарлар әлі де толастамай тұр. Тіпті әлемнің кейбір елдерінде ауру қайта күшіне еніп, ушығып жатыр. Алысқа бармай-ақ қоялық, Алматы қаласы өткен аптада «сары» аймаққа енді. Дәрігерлер адамдар көп жиналатын жерде бетперде тағып, санитарлық нормаларды сақтап жүруді ескертуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы аптада бүкіл әлемде 500 миллионнан аса адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Індет негізінен Азия мен Еуропа елдерінде таралып жатқаны белгілі болды. Соңғы аптада Оңтүстік Корея мен Қытайда індет жұқтырғандар саны айтарлықтай өскен. Қытай билігі аймақта «Stealth omicron» штамымен сырқаттанудың көрсеткіші өршігені туралы мәлімдеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус «YouTube»-тағы брифингте әлемде коронавирус инфекциясының өршуі қайта байқалып жатқанын, соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 30 пайызға өскенін айтты. «Еуропа мен Америкада аурудың басым бөлігі BA.4 және BA.5 штамдарынан. Сонымен қатар, Үндістанда жаңа штамм анықталды, оған бақылау жүргізіліп жатыр»,– деді ол. Сонымен бірге, Гебрейесус елдерді екпе науқанын, соның ішінде күшейткіш дозаны қарт, созылмалы аурулары бар және иммундық жүйесі әлсіреген, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлері сияқты тәуекел тобына кіретін адамдар үшін тоқтатпауға шақырды. Жалпы, ДДҰ мәліметіне сенсек, әлем бойынша 557 751 754 миллионнан аса адам індет жұқтырған және 6 миллионнан аса адам қайтыс болған. Індеттің ең көп расталған жағдайлары АҚШ-та тіркелген. Науқас саны – 89 930 463. Одан кейінгі сатыда Үндістан (43 568 884), Бразилия (32 687 680), Франция (31 813 342) және Германия (20 613 821) тұр. Өлім дерегі де АҚШ-та (1 044 557) көп тіркелген. Екінші Бразилияда (672 829), үшінші орында Үндістанда (525 305) адам өлімі көп орын алған. Мамандар вирустың қайта өршуі тез жұғатын «Омикрон» штамының өзгерген жаңа түрлерімен байланысты екенін айтады. Бұл жолы «Омикрон» штамының мутацияға ұшыраған 2 түрі кеңінен таралып жатқан көрінеді. Эпидемиологиялық ахуал 110 елде ушыққан. Сондай-ақ вирус адамға үй жануарынан да жұға бастады. Мұндай жағдай әлемде алғаш рет Таиландта тіркеліпті. Қазақстанда өткен тәуліктегі есеп бойынша 2001 адам коронавирус індетінен емделіп жатыр. Бір тәуліктің ішінде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 55 жағдайы тіркелген. 261 пациент стационарда, 1 741 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Облыс бойынша, мониторингке сәйкес өткен тәулікте жалпы COVID-19 індетінің 26 850 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 2332-ні құраған. Пневмонияның 8 660 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 752,4). Алдындағы тәулікте КВИ 13 жағдайы (тәуліктің өсім 0,04 пайыз) тіркелсе, пневмония тіркелмеген. 26 473 азамат сауығып шыққан. Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметі бойынша, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 375 340 доза «QazCovid-in», 843 590 доза Спутник V, 60 000 доза Хаят Вакс, 34 000 доза КоронаВак, 303 000 доза «VeroСell Синофарм», 10 000 доза Спутник Лайт, 333 450 доза «Pfizer» (АҚШ) вакцинасы жеткізілген. Жалпы өсіммен 638 383 тұлға (101,1 пайыз) 1-компонентімен, 2-компонентімен өсіммен 632 573 тұлғаға (100,2 пайыз) екпе жүргізіліпті. Егуден кейінгі асқынулар тіркелмеген. Бүгінгі күнге 18 жастан асқан халықты вакцинациялау үшін 1-компонент қалмаған, 2-компоненттің 5 810 дозасы қалыпты. Ревакцинациядан 402 891 (82,8 пайыз) адам өткен. «Pfizer» вакцинасының 1-компонентімен 132 578 адам қамтылған (бұл 139 230 адамның 95,2 пайызы), 2-компонент – 128 672 адам (92,4 пайызы). Оның ішінде 113 079 (102,6 пайызы) жасөспірім, 4 351 (56.2 пайызы) жүкті әйел және 15 148 (71.1 пайызы) бала емізетін әйелге егіліпті. Қазір Қазақстанда «омикрон 2-штамм», «стелс-омикрон», «дельта» - штамның аз пайызы айналымда. Жақында жүргізілген зерттеу республика бойынша тексерілгендердің 78 пайызы «стелс-омикрон» штамын жұқтырғанын көрсетті. Елде коронавирустың таралуына қатысты жағдай күрделене берсе, алдағы уақытта бетперде тағу тәртібі қайта енгізілуі мүмкін.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар