Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӘРБІР СӨЗІ САНАМЫЗҒА ОЙ САЛДЫ

ӘРБІР СӨЗІ САНАМЫЗҒА ОЙ САЛДЫ
ашық дереккөз
ӘРБІР СӨЗІ САНАМЫЗҒА ОЙ САЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатын оқыдық, ой жүгірттік. Қасым-Жомарт Кемелұлы сұхбатында Президент ретінде ғана емес, жеке адам ретіндегі көзқарасын да бөлісіпті. Бұл мақалада біздің еліміздің тарихында соңғы бірнеше жыл ішінде болған тарихи, саяси оқиғаларға аналитикалық шолу жасалған. Сонымен қатар оны шағын хронологиялық кезеңдегі ел басшылығының қызметі туралы есеп ретінде қабылдауға болады. Сұхбатта халықты, оның ішінде жастарды қызықтыратын көптеген сұраққа жауап берілген. Жалпы қоғамды толғандырған мәселелер туралы ашық сұхбатты баспасөз ғана емес, бүкіл Қазақстан жұртшылығы күткені анық. Сұхбатты оқыған әрбір азамат үлкен әсер алғаны сөзсіз. Бұл орайда менің басты айтарым, ел Президентінің ой-тұжырымдарын көңілге тоқып, еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алған стратегиялық жоспарлары мен реформаларын сәтімен жүзеге асыруға бәріміз бірдей жұмыла атсалысуымыз керек. Сұхбатта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің алдында тұрған міндеттерге кеңінен тоқталды. Алдағы бес жылда жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есе арттыру, ұлт мүддесін ескере отырып, сындарлы әрі салиқалы сыртқы саясатты жалғастыру, бірнеше беделді халықаралық ұйымға төрағалық жасау, Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу, ел тарихында айрықша орны бар тұлғаларға құрмет көрсету сияқты мерейлі міндеттерді атап көрсетті. Бұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны елі мен жерін сүйген азаматтарымыздың сана-сезіміне, ерік-жігеріне, таным-түйсігіне байланысты болмақ. Ол үшін біз бірлігіміз бен достығымызды жарастырып, татулықты ту етіп, халыққа ортақ мүдде жолында белсене іске кіріскеніміз дұрыс. Тағы бір атап өтерлігі, бұл сұхбатта қалың көпшілікті толғандырған немесе бұрыннан қордаланған мәселелер бойынша лайықты баға берілді. Мемлекет басшысының әрбір сөзі санасы бар адамға ой салғаны даусыз. Шынын айту керек, көптен бері жауабын іздеп жүрген сан сауалға Қасым-Жомарт Кемелұлы нақты әрі шынайы жауаптар қайтарып, ел дамуындағы басым бағыттарды дәл жеткізді. Ендігі мақсатымыз – айқын. Оған жету үшін өткеннен сабақ алып, тек қана өрге ұмтылуымыз қажет. Президент соңынан еріп, тиянақты да жоспарлы әрекет жасасақ, алынбайтын асу, бағынбайтын биік қалмас. Ол үшін сын кезеңнен ынтымақпен өткеніміз абзал. Әрине, бұл ретте сырттан айтылған қаңқу сөзге құлақ аспай, арандатушыларға ермей, бірінші кезекте елдігімізді сақтаған жөн дер едім. Президент өз сұхбатында 2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болғанын айта келе: «Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайладық. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты», деді. Иә, бұл жұмыстар биыл да жалғаспақ. Осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болатынына сенемін.

Нұрсұлтан МАНАТБЕКОВ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

Талас ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар