Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАҢТАРДЫҢ «МІНЕЗІ» ҚҰБЫЛЫП ТҰР

ҚАҢТАРДЫҢ «МІНЕЗІ» ҚҰБЫЛЫП ТҰР
ашық дереккөз
ҚАҢТАРДЫҢ «МІНЕЗІ» ҚҰБЫЛЫП ТҰР
Желтоқсан жайлы болғанымен қаңтар айы жамбылдықтарды біршама әуре-сарсаңға салуда. Осыдан бір жеті бұрын шамасында Таразда қатты жел тұрып, салдарынан қала аумағында электр жарығы, газ өшіп, бағдаршамдар істен шығып, тұрғын үйлердің шатырлары ұшты. «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің жұмысшылары желден кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын енді аяқтап, арқасын кеңге сала бергені сол еді, апта басында қалың қар жауып, аяз күшіне мінді. Сонымен қатар бірқатар ауданда да қалың қар жаууына және көктайғақ болуына байланысты кейбір жолдар жабылды. Қазіргі уақытта қала аумағында қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда шаһар көшелеріндегі қарды тазартуға 192 жұмысшы мен 47 техника жұмылдырылған. Шаһар аумағынан қазірге дейін 500 текше метрден аса қар шығарылған. Күрелген қар тасымалдаушы техникалар көмегімен арнайы орынға төгілуде. Мамандар қалада қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы кезекпен атқарады. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс аудандарында да ұйымдастырылып, жалғасуда. Осы орайда облыстық полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысының қатысушыларына сақ және қырағы болуды ескертеді. Облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларын сақтауды, автокөліктердің техникалық жағдайына мұқият қарауды, жүріс бөлігінде жаяу жүргіншілер пайда болған кезде сақ болуды ұсынады.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар