Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда заңсыз төленген салық кәсіпкерлерге қайтарылды

Жамбылда заңсыз төленген салық кәсіпкерлерге қайтарылды
ашық дереккөз
Жамбылда заңсыз төленген салық кәсіпкерлерге қайтарылды
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет салықтық әкімшілендіру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан экология департаменті ұсынған мәліметтерді салыстырусыз 4 санаттағы операторлар болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерінен эмиссия үшін ақы алғаны анықталды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің заңды құқықтары шектелген. Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (4 санаттағы операторлар) салық төлеуден босатылды. Алайда, 4 санаттағы операторларға жататын 57 кәсіпкерлік субъектісі 2022-2023 жылдар кезеңінде аталған салықтарды төлеуді жалғастырып келген. Департаменттің ұсынымынан соң заңсыз төленген 4,6 млн теңге қаражат 57 кәсіпкерге қайтарылды, 4 санаттағы операторлардан эмиссияларды өндіріп алу тәжірибесі тоқтатылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар