Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Шерхан оқуларының» үздіктері анықталды

«Шерхан оқуларының» үздіктері анықталды
ашық дереккөз
«Шерхан оқуларының» үздіктері анықталды
Осы аптада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында дәстүрлі республикалық «VІІІ Шерхан оқулары» байқауының республикалық кезеңі өтті. Байқауды тарихшы ғалым, қоғам қайраткері Асқар Абдуалы сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашып берді. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен дәстүрлі Шерхан оқулары байқауы биыл сегізінші рет өткізіліп отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – қазақтың Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын жүзеге асыру. Сонымен қатар әдеби таланты бар оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық жұмыстарына қанат бітіру, оқушылардың санасын жаңғырту. Осы күнге дейін «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының игі бастамасы институт құрылтайшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов тарапынан үлкен қолдауға ие болып, нәтижесінде әрбір шығармашыл оқушының талантына серпін беріп, мақсаттарын еселегендігі даусыз. Байқау соңында әр бағыт бойынша тағайындалған қазылар алқасы шешім шығарып, жекелеген номинациялар бойынша да үздіктерді марапаттады.

Аяулым Жаманқара

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар