Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде қылмыс 11 пайызға төмендеді

Елімізде қылмыс 11 пайызға төмендеді
ашық дереккөз
Елімізде қылмыс 11 пайызға төмендеді
Бас прокуратура елімізде қылмыс санының төмендегенін мәлім еттті, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі  Kazinform.-ға сілтеме жасап.
«Қазақстанда қылмыстың 11 пайызға (152 472 - 140 272) төмендеуі байқалуда. Оның ішінде ауыр қылмыстар 14,9 (44 106 - 37 548); ауырлығы орташа қылмыстар 12,6 (67 340 - 58 874); онша ауыр емес қылмыстар 4 пайызға (22 741 - 21 826) қысқарды. Аса ауыр қылмыстар 15,7 пайызға (2 241 - 2 593) өсті. Тергеуді қадағалау аясында прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты», - делінген ведомство мәліметінде.
Бас прокуратура ұсынған деректерге сәйкес, 824 адам прокурорлар тарапынан қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу саны 22,7 пайызға (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 тұлға сотпен ақталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар