Қаңтардағы тестілеу басталды
Өтініштерді қабылдау уақыты 6 қаңтардан 9 қаңтарға дейін ұзартылды. Ғылым және жоғары білім министрлігі 8 қаңтар күні қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге қосымша орындар бос болатынын жазған еді.
Сонымен қатар «ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11 қаңтарды қоса алғанда жалғасады», деп жазылған хабарламада.
Биылғы қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау 6 қаңтар күні аяқталуы керек болған, бірақ бұл мерзім 9 қаңтарға дейін ұзартылды.
Енді тестілеу 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Қаңтардағы тестілеудің ақысы – 4 230 теңге. Тіркелу кезінде тестілеушілер күнді, уақытты және орынды таңдайды.
Қаңтардағы ҰБТ-ға жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті балға қол жеткізе алмағандар және ЖОО-ның күндізгі бөліміне ақылы негізде оқуға шартты түрде қабылданғандар, шығармашылықтан оқытудың басқа бағыттарына ауысқысы келетін университетте оқитын студенттер, ақылы негізде оқытудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер қатыса алады.
Сондай-ақ мектептердің түлектері қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға түсу үшін осы айда тестілеуде бағын сынай алады.
Ш.Әбдірұлы
Келесі мақала