Жаңалықтар
200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы
- author AR-AY
- 9 қаңтар, 2024
- 185
200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы
Көптеген қазақстандық 200 теңгелік банкноттардың айналымда жоғалып кеткенін байқады. Осыған байланысты Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.
Ұлттық банк мәліметінше, мұндай номиналдағы жаңа банкноттар енді шығарылмайды.
"Номиналы 200 теңге болатын банкноттар мәселесі бойынша, Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналды құны 200 теңге болатын монеталарды айналымға шығарғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Ұлттық банк бұдан былай номиналы 200 теңге болатын жаңа банкноттар жасамайды. Айналыстағы осы номиналдағы банкноттар бойынша мерзім белгіленбеген және олар табиғи тозуына қарай алынып, номиналы 200 теңге монеталармен ауыстырылады", - делінген Ұлттық банктің Tengrinews.kz ресми суалына берген жауабында. Сондай-ақ, Ұлттық банк жаңа номиналды банкноттар мен монеталарды айналысқа шығару жоспарда жоқ екенін айтты."Банкноттар мен монеталардың қолданыстағы номиналды ассортименті қолма-қол ақша айналымының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады", - деп хабарлады Ұлттық банк.
Келесі мақала
ГАЗ ТАЛДАУЫШ ДАТЧИКТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
- авторAR-AY
- Бүгін, 10:45