Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Respublica партиясы Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен мерекесімен құттықтады

Respublica партиясы Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен мерекесімен құттықтады
ашық дереккөз
Respublica партиясы Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен мерекесімен құттықтады

Мерекеге сай безендірілген зал, түрлі — түсті шамдармен жарқыраған шырша және жаңа жылдық костюм киген 15 бүлдіршін - Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларға мерекелік кеш өткізді.

Мерекенің басты кейіпкерлері - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

Аяз Ата, Ақшақармен бірге балалар ертегі әлеміне қызықты саяхатқа шықты.  Мерекелік кеште ән-биден шашу шашылып, ойындар ойнатылды. Қонақтар үшін фуршет дайындалды.

Балаларға облыстық филиал төрағасы Нұрсұлтан Оспанов пен облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан, партияның белсенді мүшесі Сымбат Қалижанқызы жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады.

- Жаңа жыл қарсаңында ересектер Аяз Атаның көмекшілері ретінде балаларға ең қымбат тілектері мен армандарын орындауы керек деп есептейміз, - дейді Н.Темірхан.

Сонымен қатар, Respublica партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, филиалдың жастар бірлестігінің жетекшісі Дархан Байпақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын берді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар