Жаңалықтар
Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен құттықтады
- author AR-AY
- 30 желтоқсан, 2023
- 245
Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Respublica партиясының Жамбыл облыстық филиалы аймақтық және республикалық БАҚ журналистері, блогерлердің қатысуымен семинар мен тимбилдинг ұйымдастырды. Іс-шара барысында партиялықтар медиа қоғамдастығы өкілдерімен 2023 жылдың қорытындыларымен және келер жылға арналған жоспарлармен бөлісті.
Бүгінгі таңда партияның облыстық филиалында 7 бастауыш партия ұйымы, 1500-ден астам белсендіден тұратын жастар бірлестігі жұмыс істейді.
Respublica партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары халықпен 37 кездесу өткізіп, 9 депутаттық сауал жолдады.
Сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін партияның облыстық филиалы түрлі форматтағы 70-тен астам іс-шара өткізді.
Жамбыл облыстық мәслихатының Respublica партиясынан сайланған депутаты Нұрсұлтан Темірхан "Әулиеата үздігі" жастар сыйлығының лауреаты атанып, "Үздік жас депутат"номинациясында жеңіске жетті.
- Қазіргі уақытта партияның аудандық филиалдарын құру және бастауыш партия ұйымдарының санын арттыру жоспарлануда. Сайлау кезінде Жамбыл облысы ел бойынша Respublica партиясына дауыс бергендер арасында ең жоғары белсенділік көрсетті. Respublica партиясы жақында ғана құрылғанымызға қарамастан, біз барлық азаматтарының мүддесін қорғауға қызмет етіп, мемлекеттік органдардың ашықтығы, әділдігі үшін күресеміз, - деді облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан.
Ресми бөлімнен кейін тиімді коммуникация тақырыбында семинарды бизнес-тренер, 2016 жылғы ораторлық чемпионаттың жеңімпазы, кәсіпкер Салтанат Қашағанова өткізді.
Журналистер мен блогерлер "JarIQ" интеллектуалды квизінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі ойындар ойнады.
Облыстық филиал төрағасы Нұрсұлтан Оспанов, облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан қатысушыларды грамоталармен және арнайы сыйлықтармен марапаттады. Жүлделер біздің партиямыз туралы ең үздік бейнеролик пен қызықты пост үшін де табысталды.
- Мұндай галстуксіз, еркін форматтағы кездесулер ынтымақтастықты нығайтуға, көп мәселелерді талқылап, бірлесіп шешімін тапқанға көмектеседі. Respublica партиясының өңірлік филиалы партиялықтардың әрқашан ашық және диалогқа дайын екендігін дәлелдеуде, - деп атап өтті "Qazaqstan" телеарнасының меншікті тілшісі Данияр Әлімқұл.