ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ӘСКЕРГЕ КЕТТІ
Әуесқой бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды.
Бокстан ұлттық құрама өкілі және 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Отанға адал болуға салтанатты түрде ант етті.
5571 әскери бөлімінің саптық шеру алаңында Отан алдындағы борышын өтеу үшін еліміздің әр өңірінен қызмет етуге келген 700-ге жуық сарбаздың салтанатты түрде әскери ант қабылдауы өтті. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.
«Әскер – жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Боксшы ретінде бұл маған өте маңызды. Мен Ұлттық ұлан қатарына шақырылғанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет атқарып, әскери бөлімнің туын жоғары ұстаймын», деді қатардағы жауынгер Санжар Тәшкенбай.
Ж.Бақытбекұлы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Былтыр шетелде жасырынып жүрген 67 азамат ұсталып, елге жіберілген
- авторAR-AY
- 24 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Былтыр 23 мыңнан астам баланың алименті өндірілді – Прокуратура
- авторAR-AY
- 24 қаңтар, 2025