Мәдениет үйінің өнерпаздары мекемеде
Бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесі әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің әзірлеген жол картасының аясында Жамбыл облыстық прокуратурасының және Жамбыл облыстық әкімдігінің үйлестіруімен Ы. Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің өнер жұлдыздары аталған мекеменің жазасын өтеуші азаматтарына Жаңа жыл қарсаңында мерекелік концерттерін тарту етті. Мәдениет үйінің өнер жұлдыздары әдемі әндерімен жазасын өтеушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түзеу мекемесіндегі тәрбие бөлімі бастығының айтуынша, мұндай іс-шаралар түзеу мекемелеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Яғни аталған іс-шаралар мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандардың түзелуіне, мәдени деңгейін арттыруға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024