Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңадан «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі қосылды

Жаңадан «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі қосылды
ашық дереккөз
Жаңадан «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі қосылды
Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік органның қызметіне азаматтардың сенімділігін арттыру үшін бірінші кезекте халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін көтеру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қазіргі таңда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың сұранысын жылдам әрі сапалы орындау үшін бүгінде мемлекеттік қызметтер электронды жүйеге көшіріліп, тиімділігі артқан. Әр саладағы мемлекеттік қызметтерді цифрлы форматта алу үшін тұрғындар оның жолын білуі тиіс. Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» және мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімдері мен тәртіптері мемлекеттік қызмет көрсету алгоритмдері ережемен бекітілген, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы «Бір терезе» қағидасы бойынша және «Е – лицензия», «ИИС – ЦОН» жүйесі арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар, жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін қызмет түрлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №301 бұйрығына сәйкес біршама өзгерістер енгізілді. Қағидада қызметті берушінің атауы, қызмет көрсету мерзімі, нысаны, нәтижесі, тәсілдері нақты көрсетілген. Аталған бұйрыққа сәйкес, жаңадан «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі қосылды. Ендігі кезекте Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 37 бабына сәйкес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қпғидасына сәйкес қызмет 10 жұмыс күні ішінде тегін көрсетілетін болады. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері жеке және заңды тұлғаларға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы немесе қағаз түрінде кеңсе арқылы көрсетеді. Қызметті алу үшін төмендегідей құжаттар талап етіледі: 1) "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш; 2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар); 3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі; Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы кеңсесінде арнайы ақпараттық стенд жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және т.б. мәліметтер орналастырылған. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық мәліметтер облыс әкімінің www.zhambyl.gov.kz ресми сайтында және Басқарманың әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің дәрежесін көтеру бойынша БАҚ-да мақалалар жарияланып, семинарлар, дөңгелек үстелдер тұрақты өткізілуде. А.Тажиков, облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы .
         
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар