Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Туризмді дамыту бойынша мәселелер талқыланды

Туризмді дамыту бойынша мәселелер талқыланды
ашық дереккөз
Туризмді дамыту бойынша мәселелер талқыланды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев туризм саласының өкілдерімен кездесті. Басқосу барысында тараптар өңірдегі туризмді дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Екі мың жылдан астам өткені бар Әулиеата өңірі туристерді бірден-бір қызықтыра алатын, тарихи-мәдени нысандарға өте бай өлке. Сондай-ақ, аймақтың көркем табиғаты да туризмді дамытуға зор мүмкіндік береді. Тек бұл тұрғыдағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыра білу – маңызды. Аймақ басшысы осылай деп, лайықты туризм индустриясын қалыптастыру мәселесіне баса назар аудартты. Кездесуде турбизнес өкілдері туризмді дамыту мақсатында инфрақұрылымды дамыту, дәстүрлі фестиваль өткізу, гео-саябақ, археологиялық және балалар туризміне көңіл бөлу секілді креативті бағытта жұмыс жүргізу жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды. Мәселен, «Жамбыл Сервис» ЖШС директоры Валерия Батуева әр жыл сайын Қазақ хандығының құрылуын айрықша атап өту туралы ұсыныс айтып, 2024 жыл Қытай Халық Республикасында қазақстандық туризм жылы болып жарияланғанын, сол себепті жергілікті турбизнес өкілдерінің осынау ауқымды шараға қатысуына қолдау көрсетуді сұрады. Ал, Жамбыл облысының туристік индустрия қауымдастығының төрайымы Балагүл Махатова «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің аумағында этно-ауыл құру мақсатында инфрақұрылымды дамытуға көптеп көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. «ТаразКәсіподақТурист» ЖШС директоры Жангелді Қойбағаров «Жанды сабақ» жобасы шеңберінде балалар туризмін дамыту мүмкіндіктерін жеткізсе, «Ғылыми мекеме АРК» ЖШС директоры Ескендір Төрбеков археологиялық туризм мен гео-саябақ салу уақыт талабы екенін атап өтті. Облыс әкімі инфрақұрылым туризм индустриясының негізгі құрамдас бөлігі екеніне айрықша тоқталып, саланы дамыту мақсатында жауаптыларға арнайы комиссия құру жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Ербол Қарашөкеев туризмді дамытуда облыстың табиғи ресурстарының да әлеуеті зор екенін баса айтты. Айта кетейік, облыста 2023-2025 жылдары туризм саласында жалпы құны 9,8 млрд. теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Өңірімізде 3 510 тарих және мәдениет ескерткіш, 200-ден астам ежелгі қалашық, 8 ерекше қорғалатын табиғи аумақ, сондай-ақ тау бөктерінде 30-дан астам көркем шатқалдар бар.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар