Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қалай жүзеге асады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қалай жүзеге асады?
ашық дереккөз
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қалай жүзеге асады?
Қазіргі таңда ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тараз қалалық аумақтық инспекциясы өтінішпен келген жеке және заңды тұлғаларға нақты екі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер ҚР Ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» және аталған ведомство басшысының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрықтарына негізделген. Алғашқысы – экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру. Бұл үдеріс көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаралады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетіне» ветеринариялық сертификатты алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ақылы түрде (ветеринариялық сертификат бланкісі үшін) көрсетіледі. Ал екінші мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» деп аталады. Аталған қорытындыны қаланың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады. Ерғазы БЕРДІБЕКОВ, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Тараз қалалық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар