Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Депутат: Қасиетті домбыраны Akon-ға беруді парықсыздық деп қабылдаймын

Депутат: Қасиетті домбыраны Akon-ға беруді парықсыздық деп қабылдаймын
ашық дереккөз
Депутат: Қасиетті домбыраны Akon-ға беруді парықсыздық деп қабылдаймын
Мәжіліс депутаты, белгілі айтыс ақыны Аманжол Әлтай шетелдік өнер иесі Akon-ды әуежайдан ұлттық киіммен қарсы алып, оған домбыра сыйлағандарды сынға алды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. Депутат мәдени атрибуттарды ілгерлетуде, насихаттауда талғамды болу керек екенін алға тартқан. - Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы - қасиетті домбыраны жезөкшелік пен әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын, – деді ол депутаттық сауалында. Айтыскер жастардың Тик-Ток пен Инстаграмның тұтқынына айналып, ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтаған құндылықтарымыздан, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап бара жатқанына алаңдайтынын жеткізді. - Нақты дәлел: Астанада өткен Akon-ның концертіне байланысты бірнеше аспектлерге тоқталайын: Біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Екіншіден, ұлттық өзегі әлсіз, өзгені пір тұтқыш жастар әндердің контекстінде байқалатын гендерлік кемсітушілік мәселесін, қыздардың намысын, абыройын қорлайтын теріс мазмұнын аңғармай есі кетті. Үшіншіден, «smack that»  әнінің мәтінінен эротикалық сипаттағы нәпсіні қоздыруға итермелейтін, сананы лайлап, тәрбиеге теріс әсер ететін қауіпті мазмұнды аңғарамыз, – деді депутат. Бұл ретте, халық қалаулысы Мәдениет және ақпарат министрлігі шетелден елімізге кіретін мәдени өнімдерге, гасрольдік сапармен келушілерге қойылатын нақты талаптар жиынтығын әзірлеу керек екенін айтты. Естеріңізге салсақ, америкалық танымал әнші Akon-ды әуежайдан жылы қарсы алған астаналықтар кәдесый ретінде домбыраны сыйға тартқан болатын.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар