Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отандық әуе тасымалы 23 пайызға артты

Отандық  әуе тасымалы  23 пайызға артты
ашық дереккөз
Отандық әуе тасымалы 23 пайызға артты
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында авиация саласын одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев биылғы 11 айда отандық әуе компаниялары 12,3 миллион жолаушы тасымалданғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артық екенін мәлімдеді. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 13 миллион жолаушыға жеткізу жоспарланып отыр. Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25 пайызға артты. Алматы мен Астанада айтарлықтай өсім байқалады, онда биыл рекордтық көрсеткіштер тіркелді – 9 миллион (+34 пайыз) және 7 миллион (+26 пайыз) жолаушыға қызмет көрсетілді. Сонымен қатар әуежайларда қызмет көрсетілген жүктердің көлемі де артты. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 130 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 16 пайыз. Әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Келесі жылы Шымкент, Қызылорда және Алматыда жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Нәтижесінде Алматы әуежайының өткізу қабілеті 5 есеге артып, 14 миллион адамға дейін, Қызылорданыкі 6 есеге артып, 2 миллион адамға дейін, Шымкенттікі 7 есеге артып, 6 миллион адамға дейін артады. Келесі жылы БАӘ инвесторы астаналық әуежайдың ұшу-қону жолағын өз қаражаты есебінен реконструкциялауға кіріседі. Бұл – жаңа басқарушы компанияның алдына қойылған бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Сондай-ақ 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын, сондай-ақ Балқаш қаласы әуежайының жүру жолағы мен перронын реконструкциялау жұмыстары басталады. Сонымен қатар Қарағанды әуежайында инвестор ұшу-қону жолағын жаңғыртып, оны қажетті арнайы техникамен жабдықтауды жоспарлап отыр. Оған қоса Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын осы салада тәжірибесі бар ірі жаһандық инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздер жүріп жатыр. Премьер-Министрдің айтуынша, биыл 16 халықаралық маршрут ашылды және қайта жанданды. Келесі жылы Куала-Лумпур, Сингапур, Токио және басқа қалаларға жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр. Әуежайлардың инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Оған қоса бұл салада шұғыл шешімдерді қажет ететін өзекті мәселелер жоқ емес. Атап айтқанда, негізгі мәселенің бірі – авиаотын тапшылығы, ол жылына шамамен 300 мың тоннаны құрайды. «AR-AI»-ақпарат
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар