Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тарихтан алар тәлім мол

Тарихтан алар тәлім мол
ашық дереккөз
Тарихтан алар тәлім мол
Құрметті жамбылдықтар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тəуелсіздік күні – тарихы бай, тамыры терең Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз ата-бабаларымыздың арман-аңсары болған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге», – деп атап өткен болатын. Расында, тарихтан алар тәлім мол. Біз өткенімізге құрметпен қарап, болашағымызға сеніммен көз тіккен халықпыз. Мыңдаған жыл бойы ата-бабаларымыздың еркіндік пен теңдік үшін қаншама рет аянбай күресіп, сынға түсіп, талай тар жол, тайғақ кешулерден өткені белгілі. Бұл күн – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған сол боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алып, рухына тағзым ететін сәт. Осынау бабаларымыздың қанымен, аналарымыздың жасымен жеткен тәуелсіздіктің арқасында жоғалтқанымыз жаңғырып, рухани-мәдени байлығымыз түгенделді. Мемлекетіміз осы жылдары түрлі дағдарысқа қарсы тұрып, біртұтас мемлекет, еркін ел екендігін көрсете білді. Шекарамыз шегенделіп, Ата Заңымыз халқымыздың бас құжатына айналып, төл рәміздеріміз төрге шығып, ұлттық теңгеміз қолданысқа енді. Өткеннің өнегесін – болашақтың бағдары ете білген еліміз осы кезең ішінде толағай табыстарға жете білді десек, оған қасиетті Жамбыл жерінің, облыс тұрғындарының да қосқан үлесі орасан. Азаттықтың арайлы жылдары мемлекетімізбен бірге Жамбыл өңірі де өркендеу мен жаңғыруды бастан кешіп келеді. Осы орайда баршамыз берік бірлікте егемен еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, жаңару мен жаңғыру жолында өз үлесімізді қоса білгеніміз – маңызды. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын! Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, облыс әкімі Абдалы НҰРАЛИЕВ, облыстық мәслихаттың төрағасы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар