Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ДӘРІГЕРЛЕР МӘСКЕУДЕ БІЛІКТІЛІгін АРТТЫРУДА

ДӘРІГЕРЛЕР МӘСКЕУДЕ  БІЛІКТІЛІгін АРТТЫРУДА
ашық дереккөз
ДӘРІГЕРЛЕР МӘСКЕУДЕ БІЛІКТІЛІгін АРТТЫРУДА
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Айбаз Алиханов қызметкерлерімен бірге өңірде ядролық медицина орталығын құру жөніндегі жобаны бірлесіп пысықтау үшін және медициналық шешімдермен танысу мақсатында Мәскеу қаласына аттанды. Дмитрий Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология Ұлттық медициналық зерттеу орталығында өткен техникалық тур барысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова бастаған жамбылдық мамандар делегациясы ПЭТ және радионуклид бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-радиолог Юрий Ликарьмен кездесті. Тур барысында делегация «Hadassah Medical Moscow» мекемесінде болып, тыныс-тіршілігімен танысты. Экскурсияны генетик Александр Ресник жүргізді. Ол клиниканың технологиялық базасының мүмкіндіктері, Ресейден, Израильден және басқа елдерден келген жетекші мамандардың бірлескен жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл үздік халықаралық тәжірибелерді іс жүзінде жүзеге асыруға бірегей негіз жасайды. «Hadassah Medical Moscow» медициналық орталығы – медициналық көмек көрсетуде озық технологиялар мен тәсілдерді енгізуде көшбасшылардың бірі. Ол медициналық ұйымдарды басқарудың жаңа қағидаттарын енгізу және басқарушылық тәсілдерді трансферттеу бойынша сараптамалық алаң ретінде саналады. Іссапар барысында медицина мамандары бірнеше медициналық мекемені аралап көріп, тәжірибе алмасатын болады. Айжан Өзбекова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар