Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Сен жанбасаң лапылдап...»

«Сен жанбасаң  лапылдап...»
ашық дереккөз
«Сен жанбасаң лапылдап...»
Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл құжат жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған. Әйтеке би атындағы орта мектепте тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі үш бөлімі, яғни «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары бойынша негізге асады. Мектептегі ата-аналар педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарымен, мақсат-міндеттерімен таныстырылды. Осы жоспар бойынша, мектептің педагог-кәсіби бағдар беруші Гүлайым Әмзееваның ұйымдастыруымен 10-11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Сен жанбасаң лапылдап...», «Балаға өз бейімділігін табуға қалай көмектесуге болады?» тақырыптарында сабақ өткізілді. Онда мамандық таңдау кезінде балаға қолдау көрсетуі үшін ата-ананың мықты уәжін қалыптастыру, ата-аналардың өз кәсібін іздеу кезеңінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету керектігі жайлы айтылды. Сабақ соңында ата-аналарға арналған жадынама таратылды. Алма АХАНОВА, Әйтеке би атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Сарысу ауданы, Жайылма ауылы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар