Жаңалықтар
«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының «өзгеріс» командасы арнайы оқытудан өтті
- author AR-AY
- 7 желтоқсан, 2023
- 146
«ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының «өзгеріс» командасы арнайы оқытудан өтті
27-30 қараша аралығында Астана қаласында «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының жобалық кеңсесі бастаманың аймақтық серіктестеріне оқыту бағдарламасын ұйымдастырды. 4 күн ішінде қатысушылар қоғамдағы оң өзгерістерге бағытталған жобаларды әзірлеу және оны тиімді іске асыру бойынша жаңа білім мен дағдыларға ие болды.
Еске сала кетеміз, ағымдағы жылдың 1-25 қазан аралығында жобаға республиканың барлық аймағынан 532 үміткер өтінім беріп, Байқау комиссиясының шешімімен ең үздік 30 қатысушы «ÖzgerTeam» Ұлттық бастамасының ресми аймақтық серіктестері атанған бол атын.
Іріктелген қатысушылар үшін, қатысушыларға қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға қажетті дағдыларды жетілдіруге арналған оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Оқытуға еліміздің үздік сарапшылары, атап айтқанда, «НИКА» коммуникативті даму орталығының негізін қалаушы, сертификатталған тренер Меруерт Жүнісбек, танымал экономист, DESHT ITG жетекшісі, Қаржы магистрі (Дарем университеті) Қуаныш Жаиков, Танымал педагог-тренер, Teach for Kazakhstan жобасының амбассадоры Ескендір Бестай, тәжірибелі бизнес жаттықтырушы, Mini MBA in GR бағдарламасының авторы және кураторы Айжан Хамитова,
Коммуникатор, PR технолог (саясат, мемлекеттік басқару) Ақерке Берлібай, PHD Student, GSPP, Nazarbayev University Сабина Садиева және «Sana» Holding Ltd Бас директоры Даурен Кайсаров шеберлік сағаттар мен тренингтер ұйымдастырды. Сондай-ақ негізгі оқыту модульінен өзге қоғам белсенділерімен, Жайдарман ойындарының негізін қалаушы, «JCI» ЖК Бас директоры Есен Елеукен, «Тіл қазына» КеАҚ Бас директоры, OzgeЕріс creative hub негізін қалаушы, белгілі қоғам қайраткері Мақпал Жұмабай және «Қонаев дәуірі» фильмінің режиссері Сәуле Темірбаева сынды танымал қоғам белсенділерімен кешкілік сұхбаттар ұйымдастырылды. Қосымша интенсив барысында қатысушыларға халықаралық NeiraMeta мектебі кешкілік медитация ұйымдастырды. Интенсивтің соңғы күні қатысушылар алған білім мен тәжірибелелерін практикалық сынау мақсатында 5 топқа бөлініп, қоғамдық маңызы жоғары әлеуметтік жобалар әзірледі.
Алдағы тұста, а.ж. 20-25 желтоқсан аралығында жобаның аймақтық серіктестері онлайн форматта конкурстық комиссия мүшелеріне өз жобаларын қорғайды. Шағын гранттарға ие болған үздік 20 жоба 2024 жылдың қаңтарынан іске асырылатын болады.
Келесі мақала