Жол құрылысындағы кемшіліктер жойылды
Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылында салынып жатқан жол құрылысына Антикор еріктілері, “Әділдік жолы” РҚБ өкілдерімен қоғамдық бақылау жүргізілді. Қоғамдық бақылау аясында Бесағаш ауылындағы Жамбыл және Мария Мырзахметова көшелеріне салынған асфальттың қалыңдығы тым жұқа және жолдың ені қысқа, сонымен қатар, жолдың шетіне салынатын шағал тастар кейбір жерлерге төселмегені белгілі болды.
Аудан әкімдігіне тиісті хат жолданып, нәтижесінде асфальт жабындысының жұқа төселген аумақтары алынып тасталып, қайта талапқа сай орналастырылды. Мердігер мекеме өз қаражаты есебінен жалпы 120 м2 аумаққа 282 мың теңге қаражат жұмсаған. Сонымен қатар, мердігер жол жиектеріне арнайы белгілерін орнатып, шағал төсеу жұмыстарын талапқа сай жүргізді.