16 МӘДЕНИЕТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай баспасөз мәслихатын өткізді. Басқарма басшысы мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштер мен жыл ішіндегі жетістіктер жайлы баяндады.
Жалпы салада 3 573 қызметкер жұмыс істейді. Биыл өңірде 1,4 миллиард теңгеге 16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 6 нысан пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 4 мәдениет нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ 30 мәдениет нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 641,5 миллион теңге бөлінген.
Биыл Әулиеата өңірінен шыққан өнер майталмандарының мерейтойлары аталып өтіп, бірқатар ауқымды жоба іске асырылуда.
– Облыста 197 мәдениет үйі мен клуб тұрғындарға мәдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді. Сондай-ақ 274 кітапхана жұмыс істеуде. Кітапханалардың кітап қоры – 3 786 087. Оқырмандар саны – 269 803. Кітап қорын толықтыруға жергілікті бюджеттен 27,8 миллион теңге бөлініп, 8 980 данаға кітап қоры жаңа кітаптармен толықтырылды, – деген Ерлан Нұрманұлы облыстағы өңірлік кәсіби театрлардың тыныс-тіршілігі, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония ұжымының жетістігі, облыстық кино орталығының қоры, архивтің жұмысы жайлы баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.
Айжан Өзбекова
Келесі мақала