Биыл маусым айында халықаралық волонтерлар форумы өткен болатын. Форумға қатысқан Президент өз сөзінде мемлекет пен қоғамның сенімді серіктестігі маңызды екенін атап өтіп, еріктілер қоғамда айрықша рөл атқаратынын айтқан еді.
– Қазақстанда 2020 жыл еріктілер жылы болды, біраз шаруа атқарылды. Қазір еліміздегі волонтерлік ұйымдар саны 3 есе өсті, яғни 680 ұйым бар. Еріктілердің саны 200 мыңға жетті. Барлық аймақта фронт-офистер ашылды. Онда мыңдаған волонтер дайындықтан өтті. Qazvolunteer.kz платформасы жасалды. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстанда кез келген адам еріктілер тобына мүше болып, пайдалы іске өз үлесін қоса алады. Шын мәнінде, бұл – зор мүмкіндік. Сондай-ақ біздің волонтерлер Иордания, Кения, Таиланд және Түркия елдеріне арнайы барып, тәжірибе жинақтады. Осы тұста мен Қазақстан еріктілеріне қолдау көрсетіп жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдеріне алғысымды айтамын,- деген еді Қ.Тоқаев.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау – әр адамның қолынан келетін іс.
Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Жаныңда жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алсаңыз, қазақ халқына тән ұлттық қасиетіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі деп біліңіз. Жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсете алу – адамның адамдық белгісі. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Қайырымдылық жасау мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отырған аса игілікті іс болып отыр.
Біздің жамбылдық ерікті жастардың белсенділігі де ерекше атап өтуге тұрарлық. Өңірде осы жылдың өзінде 13 мыңнан аса (13 715) жас волонтерлікпен айналысуда. Қазіргі таңда облыс аумағында 13 волонтерлық ұйым бар. Атап айтқанда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «Қазақстан студенттерінің Альянсы», «Ақ Сұңқар», «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы», «Жібек жолы жастары», «Қазақстан волонтерлар лигасы», «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әсери-патриоттық қозғалысы» қайырымдылықтан қалыс қалған емес. Сондай-ақ «Biz birgemiz», «Шаңырақ» қазіргі заман жастары эко-құқығы», «LIDER.KZ», «Волонтеры Тараза», «Жаңа-Ру жастар коалициясы», «Sunqar», «Жаса Жастар» волонтерлық ұйымының да қайырымдылық істерге қосып жүрген үлесі орасан.
Сонымен бірге өңірде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлық топтар құрылған. Сонымен қатар, биыл облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы жанынан «Қамқор» еріктілер тобы құрылған. 2019 жылы облыстық басқарманың қолдауымен «Qamqor» әлеуметтік- қайырымдылық дүкені ашылған. Жоба аясында 15 мың отбасыға 44 мың тонна киім-кешек үлестірілді. Сондай-ақ, волонтерлер жылы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен 7,3 миллион теңгеге 21 ерікті жасқа 300 мың теңгеден гранттар бөлінді.
Биыл волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 1 416 іс-шара өткізіліп, оған 20 683 жас қамтылды. Тарқатып айтсақ «Аяла» бағыты бойынша 269 адамды қамтыған 17, «Асыл мұра» бағыты бойынша 1272 адамды қамтыған 87, «Білім» бағыты бойынша 1746 адамды қамтыған 116 іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен бірге «Қамқор» бағытында өткен 269 іс-шараға 3041, «Саулық» бағыты бойынша өткен 166 іс-шараға 1702, «Сабақтастық» бағыты бойынша ұйымдастырылғңан 56 іс-шараға 730 адамды қатысты. Сондай-ақ «Таза Әлем» бағыты бойынша 250 іс-шара өтізіліп, оған 3683 адамды қамтылды, «Үміт» бағыты бойынша 1 666 адамды қамтыған 157 іс-шара, «Медиа-волонтерлік» бағытында 18 іс-шара өтіп, 209 адамды қатысты. «Мәдениет саласындағы волонтерлік» бағыты бойынша 3026 адамды қамтыған 86 іс-шара, «Өзге де әлеуметтік волонтерлік» бағыты бойынша 3339 адамды қамтыған 240 іс-шара ұйымдастырылды.
Осы аталған жұмыстардың басым бөлігі облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты «Жаса жастар» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен атқарылып жатқанын атап өткім келеді. Бірлестік құрылған аз ғана уақыттың ішінде толағай жұмыс жасап жатырмыз десем асыра айтқаным емес. Қазіргі уақытта Тараз қаласында әлеуметтік осал топ өкілдеріне, көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға арналған «Qamqor» қайырымдылық дүкенінің жұмысын жүргізудеміз. Осы дүкеннен 130-ға жуық көмекке зәру отбасы 1 тоннаға жуық тегін киім алды. Ол бірінші біздің осында отырған белсенді жастарымыздың еңбегі деп бағалаймын.
Жастардың белсенділігімен нашақорлыққа қарсы акциялар өткізіліп, шағынаудандарында орналасқан есірткіні жарнамалайтын граффити жазулар тұрақты түрде жойылып отыр. Жақында біз «Қоғам сақшысы» атты үлкен іс-шара өткіздік. Акция аясында волонтерлар құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге ойын-сауық орындарында, кафелер мен барларда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында арнайы топ құрамында бір түнгі рейд өткізді. Жоба барысында облыстық полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің және 100-ге жуық жас волонтерлердің қатысуымен облыс орталығының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларынан есірткі заттарды жарнамалайтын кодтық сөздері мен байланыс нөмірлері бар граффити жазуларды жою бойынша 20 іс-шара өткізіліп, қала бойынша 700-ден астам жазба жойылды. Волонтерлерлік ұйымдарымыз өздері бірлесе отыра түрлі қайрымдылық акцияларын ұйымдастырып отырады одан бөлек тұрақты түрде ірі кәсіпкерлермен бірігіп аз қамтылған отбасыларға азық түлік және қажетті заттарымен көмек көрсетуде. Облыстың ерікті жастары жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсету, «Қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту бойынша жалпыұлттық жобалары аясында көптеген іс- шаралар өткізілген. Жоба аясында волонтерлер жалғызілікті қарттар, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қажетті азақ-түліктермен қамтамасыз етіп, үй шаруашылығына көмек көрсетті.
Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуде, соның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және тағы басқа көмек көрсету жөніндегі «Birgemiz: Saýlyq» жалпыұлттық жобасы аясында 64 іс-шара өткізілген. Одан бөлек, «Өмір сыйла» жобасы аясында 200-ге жуық адам ерікті түрде қан тапсыруға тартылғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, «Қан орталығымен» бірге донор болудың пайдасы мен саламатты өмір салтын ұстану бойынша тұрғындар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, жастардың рухани дамуы мен кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап сыйла» жобасы аясында «Өзгемен бөліс» акциясы өткізіліп, «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне кітаптар сыйға тартылды. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы аясында «Өзіңнен баста» жобасы мен «Бұл – менің қоқысым емес, бірақ бұл – менің қалам» атты тазалық жобалары жүзеге асырылуда. Басқа да атқарылып жатқан шаралар аз емес.
Жыл басында Түркия елінде болған үлкен зілзаладан зардап шеккен жандарға 10-11 ақпан аралығында облыстық жастар ресурстық орталығы тарапынан құрылған «AULIEATA JASTARY» штабына қала тұрғындары мен волонтерлер жылы киімдер, азық-түліктер мен гигиеналық заттар жеткізіп, ерікті жастармен бірлесе Түркияға еліне көмек ретінде жолданды.
Бүгінде өңірде мұқтаж адамдарға киім-кешек, азық-түлік беретін «Qamqor» әлеуметтік дүкені жұмыс істейді.
Осы оқу жылдарында студенттерді ерікті болу не екенін түсіндіру, таныстыру мақсатында облыстағы «Қазақстан волонтерлар лигасы» волонтерлері «Ерікті болу ерлік» тақырыбында семинар өткізді. Бұл семинарлар жаңа оқу жылындада енді студенттік өмірге қадам басқан жастар үшін де жалғасын табады.
Өздеріңізге белгілі келер жыл ТМД-да «Волонтерлік қозғалыс жылы» деп жарияланды. Бұл волонтерларға қашанда қолдаудың жоғары екендігінің көрінісі. Еріктілердің ізгі амалдары қоғамымызда тілеулестік, мейірімділік және жанашырлық қасиеттерінің терең тамыр жаюына елеулі үлес қосады. Сондықтан облысымызда да абзал істер алдағы уақытта жалғасын таба бермек.
Әбілхайыр Құдыретәлі,
«Жаса жастар» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры