Жамбыл жаңалықтары
«Адалдыққа бір қадам» акциясы Сарысу ауданында өткізілді
- author AR-AY
- 27 қараша, 2023
- 142
«Адалдыққа бір қадам» акциясы Сарысу ауданында өткізілді
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастауымен жүзеге асырылған «Адалдыққа бір қадам» акциясы Сарысу ауданында өткізілді.
Акция аясында 15 бағытта іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде ауданның 10 мыңнан астапм тұрғынына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар қатарында әр ауылдық огругте баннер орнату, тұрғындарға жадынама тарату, лед экранда бейнеролик орналастыру, «Қазпошта», «Қазақтелеком», Халыққа қызмет көрсету орталығында таратылатын газет өнімдері мен түбіртектерге және әр округтағы дүкендердегі тауар өнімдеріне стикер жабыстыру, ауылдық деңгейдегі ватсап-чаттарға бейнеролик пен таратпа материалдар жолдау, әр мекемеге «1424 call-орталығы» туралы жадынама орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Акция нәтижесі, әлеуметтік сауалнама қорытындысы және ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар аудан әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, нәтижесі бойынша бірнеше хаттамалық тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, комиссия отырысында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев мемлекеттік сатып алу саласында заңнама талаптарын сақтау, денсаулық сақтау және білім салаларында жемқорлыққа қарсы пәрменді шаралар қабылдау және мемлекеттік қызметшілерге пара беру деректері бойынша заңнама аясында тиісті шара қолдану бағыттарына баса назар аударуды ұсынды.
Жиында аудан әкімі С.Мамытов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.