Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұрлық та, кемеңгерлік те – тәрбиеден

Ұрлық та, кемеңгерлік те – тәрбиеден
ашық дереккөз
Ұрлық та, кемеңгерлік те – тәрбиеден
Көк байрағымыздың туы желбіреп, азат елде тәуелсіз қоғамның тұтастығы қалыптасты. Алайда ғылым мен білім қарыштап, мәдениет пен өмір сүру стилі дамыған сайын ұрлықты кәсіп көретін қауым да етек алған заманға айналды. Расында қазіргі таңда көпшілік ортада ұрлық-қарлық, өктемдік пен содырлық жасау өрістеп келеді. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» мал тапқанына мәз болатын ұры-қарылардың саны жылдан-жылға көбейіп жатыр. Әйтсе де, ұрылардың бұл арам істерімен қанша адамның көз жасына қалып, ауыр күнәға батып жүргендеріне еш иланар түрлері жоқ! Ұрлық – деген біздің түсінігімізше, адамның жеке мүлкін өзі жоқта рұқсатынсыз тартып алу. Бірақ техниканың түр-түрі күннен-күнге жаңарған сайын ұрлықтың да, біз біле бермейтін сан алуан түрлері пайда болған. Атап айтар болсақ, «Онлайн ақша табу» бағдарламасы бойынша «Үйде отырып-ақ күніне 10-15 мың қаражат таба аласыз» деген жалаң сөзге сендіріп, халықтың қаражатын жымқырып, уәде берілген жұмысы жым-жымырақай жолда қалып жатады. Жұрт неге бұл ұрыларға имандай сенеді?! Олар 24/7 режимінде қызығып, бақылап отыратын блогерлерінің жоғарыда сөз еткен онлайн ақша табу, казино, ойын автоматтары секілді құмар ойындарын жарнамалап жүргенін білсе ғой. Қызмет бабын асыра пайдаланатын лауазымды адамдар қатары да баршылық. «Қолы ұзаққа да тұзақ бар» демекші, біреуге тұзақ құрамын деп, өз құрығына түспей жүргендер қаншама! Қоғамдық көліктегі қалта ұрыларын сөз қылмау мүмкін емес. Көз алдымда болған оқиға қалта ұрыларымен тікелей байланысты. Тарқатар болсам, №30 қоғамдық көлікте тұрғындардың көптігі пайдаланылып, ұялы телефон ұрланды. Бейтаныс қыз ұялы телефонының жоқтығын ұры кеткеннен кейін бірақ білді. Милиция шақырылып, қоғамдық көліктегі бүкіл жұрттың қалтасы тексерілді. Алайда ұялы телефон табылмады. Сондағы бір тұрғын «XXI ғасыр ұрлықтың заманы болды ғой. Осындай жымқыруды көзім шалып қалған кезім болып еді. Әмиянының ұрланып жатқанын, көзбен қанша түсіндіргім келсе де, қыз елең қылмады. Түсі суық, қолында тапаншасы бар баукеспе жігіт тіс жаруыма мүмкіндік бермеді. «Өлтіремін» деп белгі бергеннен кейін қолымнан ештеңе келмеді», деп әңгімесін аяқтады. Адамдардың қатыгезділігі сонша, ұрлықпен қоса, кісіні де оңай өлтіруге батылдығы жеткені ме? Иә, жұмыс табу қиын, жұмыссыздық белең алуда дейміз. Бірақ, мұны сылтау қылып, кісі атаулыға зияны келетін істерді жасау дұрыс па? Адамның санасын бойлап алған зұлымдыққа кім кінәлі? «Тәрбие – тал бесіктен басталады» демекші, ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасы. Қанша жерден «айналасындағы ортасы өз дегенін істейді», «қоғамнан алшақ жүре алмайсың» делінгенімен, адам баласының тағылымы мен тәлім тәрбиесінің негізін қалаушы – ата-ана. «Ертең өзің қалмау үшін табаға, жақсы өнеге көрсете біл балаға» деген Жүсіп Баласағұн бабамыздың аталы да баталы сөзі болашақ ұрпақ жат ағымдар мен кісіге зияны келетін жағымсыз істерден бойын аулақ ұстауы отбасындағы ахуалдың мықты екенін айқындады. Ажар НИЯЗБЕКОВА, М.Х.дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ІІІ курс студенті
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар