Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздың іргесіндегі тұрғын алқаптар ауызсумен қамтылады

Тараздың іргесіндегі тұрғын алқаптар ауызсумен қамтылады
ашық дереккөз
Тараздың іргесіндегі тұрғын алқаптар ауызсумен қамтылады
  Тараз қаласының іргесіндегі Құмшағал, Казарма, Шөлдала ықшамаудандары мен 28 саяжай алқаптарына ауызсу тарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жобалар кестеге сәйкес келер жылы аяқталуы жоспарланған. Алайда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аталған елді мекендердің тұрғындарын тіршілік нәрімен қамту мәселесін биылдан қалдырмай шешу үшін қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын. Аймақ басшысы Тараз қаласы №11 аумақтық округіндегі жұмыс сапары барысында Құмшағал, Казарма, Шөлдала ықшамаудандары мен 28 саяжай алқаптарына ат басын бұрып, тұрғындардың өтінішін тыңдап, таза ауызсу тарту жұмыстарымен танысқан еді. Бүгінде аталған аумақтарда құбыр жүргізу шаралары қызу жүруде. Бас мердігер «Мелиоратор» ЖШС атқарып жатқан Шөлдалаға ауызсу тарту жұмыстары қазіргі кезде 87 пайызға орындалса, 28 саяжай алқаптары бойынша құрылыс 70 пайызға аяқталған. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала басшылығы аталған жұмыстарды ағымдағы жыл соңына дейін аяқтауға барынша ден қойып отыр. Ол үшін жауапты тұлғалар жұмыстың сапасы мен мерзімін бақылауда ұстап, мердігерлердің өз міндеттерін тиянақты орындауын тұрақты қадағалауда. Айта кетейік, бүгінде облыс орталығының 92,4 пайызы сумен қамтылған. Жер астынан су көтеру үшін 90 дана ұңғыма жұмыс істеуде. Облыс әкімінің баспасөз қызметі
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар