Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛМАУЫ ТИІС

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛМАУЫ ТИІС
ашық дереккөз
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛМАУЫ ТИІС
Жуырда Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі өтті. «Инновация орнықты дамудың негізі ретінде. Қаржы нарықтарының жаһандық өзгеруі» деген сессия шеңберінде жасанды интеллектті дамыту және оны қаржы секторында қолдану бойынша пікірталас өтті. Талқылауға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, сондай-ақ Қазақстан банктері мен «Visa» және «Mastercard» төлем жүйелерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар жасанды интел­лектті дамытудың және оны енгізу мен реттеу жөніндегі бірлес­кен іс-қимылдардың өзектілігін атап өтті, өйткені қаржы секторы бүгінгі күні инновациялардың флагманы саналады. Мәдина Әбілқасымова атап өткендей, жасанды интел­лектті қолдану және қаржы ұйымдарының бизнес-модельдерін трансформациялау мәселелерінің аражігін ажырату маңызды. Қазақстанда барлық операцияларды өз балансында ұстамайтын бизнес-моделі бар платформалық модель­дер мен экожүйелерге көшкен банктер де, өздерінің қаржылық экожүйелерін құратын дәстүрлі банк орталықтандырылған моделі бар қаржы институттары да дамуда. Сонымен қатар ірі банктердің көпшілігінде сақтандыру ұйымдары, активтерді басқару компаниялары бар және қазір «FinTech» компаниялары белсенді түрде дамуда. «Біздің реттеуші ретіндегі мінде­тіміз, ең алдымен, қаржы ұйымдарының әлемдік стандарт­тарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Банк секторында – Базель III, сақтандыру саласында – IAIS, бағалы қағаздар нарығында – IOSCO», деп атап өтті қаржы реттеушісінің басшысы. Реттеуді халықаралық стандарт­тарға келтіру рейтингтік агенттіктер мен қаржылық қызметтерді тұтынушылар тарапынан, сондай-ақ шетелдік инвесторлар тарапынан Қазақстанның қаржы жүйесіне деген сенімді арттыруға және олардың Қазақстан нарығына келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бе­реді. Сондай-ақ Мәдина Әбілқасымова қазіргі уақытта банк конгломераттарына шоғырлан­дырылған қадағалауды енгізу бойынша дайындық жұмысы аяқ­тал­ғанын, ол капитал мен өтім­ділікке ғана емес, сонымен қатар корпо­ративтік басқару және тәуекел­дерді басқару жүйелеріне де қойылатын талаптарды белгілей­тінін хабар­лады. Бұл банктердің бизнес-модельдерін трансформация­лау­мен бай­ланысты бірқатар тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Инновацияларды дамыту үшін қаржы институттарына стандартты реттеуге ұшырамай-ақ жаңа технологияларды сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін реттеу ортасын енгізу үшін құқықтық орта құрылды. Банктерге IT және «Fintech» компаниялар активтерінің 10 пайызына дейін инвестициялауға мүмкіндік беретін шаралар жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс шеңберінде қаржы ұйымдарының мемлекеттік дерекқорларға қол жеткізу мүмкіндігі іске асырылды. Ұлттық Банк Агенттікпен бірлесіп «Open API» және «Open Banking-ті дамыту үшін жағдайлар жасады. Атап айтқанда, қатысушыларды аккредиттеу және клиенттердің келісімін алу үшін бірыңғай платформа әзірленді. Мәдина Әбілқасымова: «Өз кезегінде клиенттермен жұмыс істеу, скорингтік модельдер немесе клиенттермен қарым-қатынас орна­туға арналған чат-боттар болсын, жасанды интеллектке негізделген шешімдерді енгізуде қаржы ұйымдары флагман қызметін атқарып келеді. Біз реттеуші ретінде реттеудегі ықтимал олқылықтарды тез арада жоя аламыз немесе нарық үшін қосымша ынталандырулар жасай аламыз. Бұл ретте қаржылық тұрақтылық үшін жасанды интел­лектті пайдалану кезінде жүйелік тәуекелдер жоқ, бірақ операциялар көлемі ұлғайған сайын олар туындауы мүмкін. Біз оларды реттеу үшін алдын алу және бірдей шаралар қолдануымыз керек», – деді. Мәселен, қаржылық алаяқтық тәуекелдерін азайту үшін қаржы ұйымдарының ақпараттық және киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Бұдан басқа бағалы қағаздар нарығында күдікті мәмілелерді өңдеу үшін жасанды интеллект пайдаланылатын арнайы «Scilla» қосымшасы қолданылады. Қаржы реттеушісінің бас­шысы: «Қаржы ұйымдары да өз жауапкершіліктерін түсініп, инновацияларды енгізуге байла­нысты тәуекелдерді басқару жүйелерін құруы керек. Сонда біз реттеуде теңгерімге қол жеткізе аламыз», – деп қорытындылады. Жасұлан Бақытбекұлы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар