Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЙЛЫЛЫҚ СЫЙЛАМАҚ

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЙЛЫЛЫҚ СЫЙЛАМАҚ
ашық дереккөз
ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРҒА ЖАЙЛЫЛЫҚ СЫЙЛАМАҚ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында білім саласын естен шығарған емес. Мәселен, Президент биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында да білім саласын дамыту мәселесіне айрықша тоқталып, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады деген болатын. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес аталған жоба шеңберінде облысымызда 9 500 оқушыны қамтитын 12 мектеп салу жоспарланған. Яғни Байзақ, Жамбыл және Меркі аудандарында бір мектептен салынса, Қордай ауданында – 3, Шу ауданында – 2, Тараз қаласында 4 мектеп пайдалануға берілмек. Пилоттық жобаның мақсаты – үш ауысымда оқытатын және оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу. Бүгінде 12 мектептің құрылысын жүргізу үшін барлығына мемлекеттік жер актісі алынған. Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Зәуре Сәдуақасқызының айтуынша, бүгінгі таңда аудандағы 39 жалпы білім беру мекемесінің 28-і типтік, 11-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Оның 29-ы орта, 9-ы бастауыш, біреуі негізгі мектеп. Аудан бойынша бұл мектептерде 16 266 оқушы білім алуда. Бұдан бөлек мектепалды дайындық тобында 1072 бүлдіршін тәрбиеленуде. – Биылдан бастап Пре­зидентіміздің тапсырмасымен «Жайлы мектеп» жобасы қолға алынды. Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылғы Жолдауында: «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек» дей отырып, әрбір өңірдің ерекшелігіне қарай мектеп салуды тапсырды. Бүгінгі таңда ауданымызда «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 600 орындық бір мектеп салу жоспарлануда, – дейді білім бөлімінің басшысы. 2023 жылы Шоқай ауылында 150 орындық жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жарқын жоба шеңберінде 600 орындық заманауи білім ордасы Шайқорық ауылында бой көтереді деп жос­пар­ланып отыр. Жобаның іске асы­рылу мерзімі – 2024-2025 жыл. Құны – 5,3 миллиард теңге. Қаржыландыру мәселесі шешілсе, келесі жылы құрылысы басталады. Айжан Өзбекова Жамбыл ауданы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар