Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ – шеберлік институты

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ – шеберлік институты
ашық дереккөз
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ – шеберлік институты
Еліміздің ең басты байлығы – адам капиталы. Біз өмір сүріп отырған ғасырда мемлекетіміздің экономикасын, әлеуметтік әлеуетін және саясатын, бір сөзбен айтқанда, қоғамымыздың болашақ дамуын интеллектуалды адами капитал айқындайтын болады. Яғни XXI ғасырда инвестициялардың 80 пайызы адами, 20 пайызы физикалық активтерге жіберілуде. Сондықтан адами капиталды дамыту, бәсекеге қабілетті болашақ ұрпақты тәрбиелеу, талапқа сай білім беру – мемлекетіміздің басты ұстанымы. Адами капиталдың сапасының жоғары деңгейін бірінші кезекте жақсы білім қамтамасыз етеді. Ал білімді ұрпақты тәрбиелейтін – ұстаз. Отандық білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі – инновациялық экономика қажеттіліктеріне жауап беретін заманауи білім сапасына қол жеткізу. Бұл өз кезегінде педагогикалық ұжымның шығармашылық, кәсіби әлеуетін және дағдыларын динамикалық түрде арттыруды болжайды. Осыған байланысты әдістемелік қызметтің рөлі артып келеді. Мақсаттар мен міндеттердің күрделілігі, әдістемелік жұмыс мазмұнының көп қырлылығы, әрбір білім беру ұйымының спецификалық ерекшеліктері оның әртүрлі және тиімді формаларын пайдалануды, олардың оңтайлы үйлесімін талап етеді. Білім беруді жаңғырту жағдайында әдістемелік қызмет – білім берудегі инновацияларды, бастамаларды, жобаларды ұсынатын қолдау орталығы. Әдістемелік қызметтің басымдықтары педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы әлеуетті қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру үшін болжау және жағдай жасау, алдыңғы қатарлы кәсіби қызмет саналады. Әдістемелік қызмет – педагогтардың шеберлігін үздіксіз арттыруды қамтамасыз ететін институт. Облыста әдістемелік жұмыс білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациясы жағдайына негізделген. Яғни аймақтық әдістемелік қызмет жұмысының негізгі идеялары, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету, сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру, әдістемелік консалтингті ұйымдастыру, педагог және басшы қызметкерлердің бірыңғай ақпараттық және әдістемелік кеңістігін қалыптастыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық озық тәжірибелерді жалпылау және таратуға негізделеді. Осы жүйе арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытында мазмұнды жұмыстар жүргізілуде. Яғни балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің тиімді әдістемелеріне, технологияларына педагог мамандарды үйрету, педагогтарға балалардың және жасөспірімдердің коммуникативтіктігі, мәселелерді шешу, өзін-өзі дамыту, өмір бойы білім алу құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді технологияларын, әдістерін үйрету, оқушылардың тиімді әлеуметтенуінің заманауи технологиялары мен әдіс-тәсілдерін үйрету, педагогтардың біліктілікті арттыру курстарына қатысуын қамтамасыз ету, педагогтардың кәсіби байқаулары мен олимпиадаларын ұйымдастырып, өткізу, сыртқы байланыстарды нығайту, облыстағы үздік педагогтардың желілік қауымдастығы мен ассоциациясының жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ педагогтардың курсаралық кезінде кәсіби шеберлігін дамыту моделі жасалды. Өңірлік «Ұлағат» педагогтар ассоциациясы құрылды. Пәндер бойынша шығармашылық зертханалар, педагогтардың виртуалды мектебі, «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» үздік педагогтар шеберханаларының жұмысы жолға қойылған. Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту жұмыстары білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа типтік оқу жоспарларының енуі, оқу жоспарларының вариативтік компоненті мазмұнының өзгеруі, оқытудағы тәсілдердің өзгеруі, оқушылардың білімін бағалаудағы тәсілдердің өзгеруі, білім беру үрдісінің субьектілері арасындағы қарым-қатынас парадигмасының өзгеруі, білім беру жүйесінде горизонтальді желілік байланыстың күшеюі, оқушылардың оқу, жазу, математикалық, ІТ сауаттылықтарын қалыптастырудың тиімді әдістемелеріне, әдістеріне, жұмыс формаларына үйрету бойынша жүзеге асырылуда. Қашықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «YouTube» хостингінде 18 канал ашылып, үздік педагогтардың 1 465 бейнесабағы жарияланды. Оның қаралымы – 823 680, тіркелгендер саны – 27 535. Сондай-ақ пән мұғалімдерінің жеке каналдары бар. Өткен жылы облыс бойынша барлығы 9537 педагог курстан өтті. Облыстағы 26 331 педагогтың 36,2 пайызы қамтылды. Биыл қаңтар-қазан айларында облыс бойынша барлығы 10 108 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Республикалық «Үздік педагог» байқауында 2012 жылдан бастап 41 педагог жүлдегер атанды, олардың 16-сы ауыл мектебінің мұғалімдері. Соңғы 5 жыл ішінде облыс педагогтарымен тиімді ұйымдастырылған жұмыстардың нəтижесінде халықаралық, республикалық байқаулар мен қашықтық олимпиадаларында 14 407 педагог жеңімпаз атанды. Оның ішінде дәстүрлі өткізілетін байқаулар мен олимпиадаларда 274 педагог озық шығып, аймақ абыройын асқақтатты. Оның ішінде «Үздік педагог» байқауында – 11, математика, физика және информатика пәндері мұғалім­дерінің халықаралық шығармашылық бай­қауында – 37, «Дарынды балаға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында – 19, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында – 23, математика, физика және информатика пәні мұғалімдеріне IMPACT Olympiad- IV Халықаралық ашық шығармашылық конкурсында – 15, «Үздік психолог» байқауында – 14, «Математикалық регата» байқауында – 8, «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсында – 33, А.Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы халықаралық байқауда 9 педагог жеңімпаз атанды. Осы жылы халықаралық академик Асқар Жұмаділдаев атындағы және IMPACT/импакт/ ашық шығармашылық байқауларында математика, физика және информатика пәндерінен сабақ беретін 25 педагог жеңімпаз атанып, командалық есепте республикада II орынды иеленді. Сонымен қатар республикалық «Үздік педагог» байқауында 3 педагог, «Жылдың ең үздік психологы» байқауында – 2, «Инновациялық педагогикалық идеялар» фестивалінде – 6, «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында 3 педагог алдына жан салмаса, халықаралық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасында – 4, жас математиктер арасында өткен халықаралық А.Жұмаділдаев атындағы байқауда 5 педагог, «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсында – 6, «Зерек ұстаз» республикалық шығармашылық байқауында 8 педагог, «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» атты республикалық байқауында Тараз қаласындағы №33 «Айсәуле» бөбекжай-бақшасының әдіскері Жанна Демесінова бас жүлдені иеленді. Аталған жетістіктер – облыс мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетінің жоғары екендігін тағы дәлелдеп отыр. Шахризада УСЕРОВА, облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар