Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ОЗЫҚ БІТІМГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ

ОЗЫҚ БІТІМГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ
ашық дереккөз
ОЗЫҚ БІТІМГЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Кения астанасы Найробиде өткен Халықаралық бітімгерлік дайындық орталықтары қауымдастығының (IAPTC) 27-конференциясына қатысты. Халықаралық бейбітшілікті қолдау оқу орталығында 80 мемлекеттің бітімгерлік дайындық орталықтарынан 300-ден аса өкіл жиналды. Конференция делегаттары күрделі бітімгерлік операцияларға бітімгерлерді даярлаудағы серіктестіктің рөлін талқылады. – Конференцияға қатысу бітімгерлік қызмет саласындағы ағымдағы үрдістермен және талаптар­мен танысуға, жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Қолдағы бар мәліметтерді ескере отырып, біз ұлттық бітімгерлік контингентін дайындау бағ­дар­ламасын уақытылы бейімдей аламыз, – деді Бітімгерлік дайындық орталығының басшысы, полковник Бауыржан Нығметуллин. Іс-шара бірінші кезекте бітімгерлік әлеуетті арттыруға, халықаралық ұйымдардың, үкіметтердің және төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттыруға мүдделі жергілікті билік өкілдерінің стратегиялық ынтымақтастығын бағалауға және оны дамытуға бағытталған. Бітімгерлік дайындық орталықтарының халық­аралық қауымдастығы 1995 жылы құрылғанын айта кету керек. Тренингтер, білім беру бағдарламалары мен зерттеу бастамаларының арқасында бүкіл әлем­нің бітімгерлік даярлау орталықтары 190 елден 50 мыңнан астам бітімгерді сәтті даярлады. Талғат Нұрханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар