Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Байқап өт жолдан, балақай!

Байқап өт жолдан, балақай!
ашық дереккөз
Байқап өт жолдан, балақай!
Жол бойында орын алып жатқан қайғы аз емес. Қателікті кешірмейтін қара жолда қаншама тағдыр үзіліп, қаншама адам денсаулығынан ажырап, мүгедек арбасына таңылғанына ресми статистика дәлел. Әсіресе, балалар арасындағы өлімнің көбеюіне, балалар денсаулығының төмендеуіне де жол апаттары аз әсер етіп отырған жоқ. Көше қозғалысы тығыздығының артуы жолдарда балалар үшін аса қауіпті. Тиісінше, балалардың жол жарақаттарының алдын алу мәселелері өз өзектілігін жоғалтпайды. Балалардың көбі көліктің жолын кесіп өтпес бұрын тоқтап, оны мұқият қарап, қозғалыс кезінде алдымен сол, сосын оң жақтағы жағдайды бақылауды әдетке айналдырмаған. Жол-көлік оқиғасының тағы бір себебі – кішкентайлардың жолда ойнауы. Себебі балалар барлық бос аумақты ойын орны деп санайды. Сондықтан полиция қызметіндегі негізгі профилактикалық бағыттардың бірі – балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу. Бала – әрбір отбасының байлығы, мемлекет қамқорлығындағы әлеуметтік жағынан ең осал топ. Олардың қауіпсіздігін қорғау қоғамның да, мемлекеттік мекемелердің де, сонымен бірге білім ордаларының да басты назарында. Қауіпсіздікке осы салалардың бәрін жұмылдыру оң нәтиже беретінін уақыт көрсетті. Осы орайда облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін сақтауға балалардың назарын аударудың ерекше әдісін ойлап тапты. Нақтырақ айтсақ, облыс орталығының қарбаласқа толы көшелерінде «Өрмекші адам», «Трансформер», «Ақшақар» және басқа да көптеген сүйікті мультфильм кейіпкерлері балаларға жолдың жүру бөлігінде өзін дұрыс ұстаудың көрнекті үлгісін көрсетті. Акцияға оқушылар сарайының «Бақытты болашақ» сәндік-қолданбалы шығармашылық бөлімінің оқытушылары және «Balashow Taraz» мерекелерді ұйымдастыру агенттігі қатысты. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция бөлімшелері бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Мананбаевтың айтуынша, бұл идея бастауыш сынып оқушыларының, өзге де балалардың жол-көлік апаттарынан алуы мүмкін жарақаттарына қатысты мәселеге жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жүзеге асырылған. – Статистикаға сәйкес, 10 жасқа дейінгі балалар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаты. Өкінішке қарай, осы жылдың 10 айында жол-көлік оқиғаларынан жасы кәмелетке толмаған 23 адам қаза тауып, 350 адам дене жарақатын алды. Осы фактілердің алдын алу үшін біз барлық қажетті шараларды қолданудамыз, – дейді Е.Мананбаев. Iс-шара барысында тақырыптық плакаттар дайындалып, балаларға таратылған шарлар мен тәтті тағамдар мерекелік көңіл күй сыйлады. Акцияның барлық қатысушылары жағымды эмоцияларды сезiнiп, сүйікті кейіпкерлерiмен естелік суретке түсті. A.БЕКЕНҚЫЗЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар