«Kemel Temirtau» — фейк атау
«WhatsApp»-та «Арселор Миттал Теміртау» атауы «Kemel Temirtau» деп өзгертілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл – фейк.
Ақпарат «Nur.kz» порталының әлеуметтік желілердегі постының иллюстрациясына сай жасалған. Ал мәтінде жаңа атау туралы Өнеркәсіп министрлігінің басшысы хабарлады делінген. Осыған ұқсас атауды өзгерту туралы пост «Nur.kz»-тің «Instagram» парақшасында шыққан.
Бірақ онда «Арселор Миттал Теміртаудың» қалай аталатыны жазылмаған болатын.
Жаңалықта былай делінген: «Арселор Миттал Теміртау» Қазақстандағы атауын өзгертеді деп мәлімдеді Өнеркәсіп министрлігінің басшысы». Пост суретінде де компанияның жаңа атауы көрсетілмеген.
Керісінше, бұл тақырыптағы осы және басқа жаңалықтарда компанияның жаңа атауы әлі белгісіз екендігі атап өтілген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.
Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Келесі мақала
Дариға жайлы дипфейк
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024