Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖЕР ЖАЙЛЫ ДА ДАҚПЫРТ жетерлік

ЖЕР ЖАЙЛЫ ДА ДАҚПЫРТ жетерлік
ашық дереккөз
ЖЕР ЖАЙЛЫ ДА ДАҚПЫРТ жетерлік
Әлеуметтік желі беттерінде БҰҰ-ның құпия мұрағаттарынан алынған нақты әлем картасы тарады. Танымал қазақстандық «Telegram»-чаттарда пайдаланушылар ерекше әлемнің картасын таратуда. Онда жоқ материктер мен елдер, аспан күмбезі және планетаның кіреберісі бейнеленген. Пайдаланушылардың пікірінше, бұл шын карта және бұған дейін ол БҰҰ-ның құпия мұрағатында сақталып келген. Бұл қаншалықты рас ақпарат екенін анықтап көрейік. Қазнетте тараған карта алғаш рет «Jesus Christus unser Fliegenpilzmessias die Wahrheit» неміс «Telegram» арнасында жарияланды. Бұл әртүрлі қастандық теорияларына арналған канал. Карта 2022 жылдың тамызында шыққан. Онда Асгард, Лемурия және Атлантида сияқты материктер мен елдер бейнеленгендіктен пайдаланушылар оған бірден назар аударды. Антарктиданың ортасында Жердің «кіреберісі», ал картаның шеттерінде аспан күмбезі, Ай және көздің алмасына ұқсас нәрсе көрсетілген. Бұл картаның авторы – оны алғаш рет жариялаған «Telegram» арнаны ашқан адам, оның әкімшісі. Бұл туралы картаны жариялағанға дейін бір күн бұрын өзі жазған. «Карта аяқталып қалды, оны кейін арнаға саламын, алдымен аспан дискісіз, кейін дайын болған кезде аспан дискісімен, сондай-ақ күн дискісімен орналастырамын. Оны аяқтауға біраз уақыт керек», делінген хабарламада. Бірер уақыттан кейін арнада жоғары ажыратымдылықтағы карта шығады. Атлантида мен Лемурия – бар екендігі дәлелденбеген материктер. Атлантида туралы өз «диалогтарында» Платон айтқан. Ол туралы басқа еш жерде ақпарат жоқ, ал ғалымдар әлі күнге дейін оның бар екендігіне дәлел таба алмай отыр. Лемурия – бұл ғалымдар лемурлардың Мадагаскар мен Үндістаннан қоныс аудару құбылысын түсіндірген гипотетикалық материк немесе арал. Кейін ғылыми негізделген түсініктеме беріліп, суға кеткен Лемурия материгі туралы теория жоққа шығарылды. Асгард – бұл мүлдем шын деп саналмаған мифтік орын. Скандинавия мифологиясында Асгард деп құдайлар мекендейтін жерді атайды. Яғни, бұл құдайлар тұратын ежелгі грек Олимпінің аналогы. Олай болса, Қазнетте тараған карта суретшінің қиялының жемісі. Бұл нақты әлем картасы емес және оның БҰҰ мұрағатына ешқандай қатысы жоқ. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Жердің «Аполлон-17» миссиясы кезінде түсірілген суреті тарады. Планетадағы континенттердің контурында сатанистер әдейі салған шайтанның бейнесін көруге болады екен. Бұл өтірік. 1972 жылы жүзеге асқан және осы күнге дейін Айға жасалған соңғы миссия саналатын «Аполлон-7» миссиясы кезінде ғарышкерлер Жердің бірнеше суретін түсірген. Олардың ішіндегі ең танымалы «Blue Marble» деп аталады және NASA сайтында жарияланған. Осы және әлеуметтік желілерде тараған сурет екеуінің арасында айырмашылық бар. Желіде «Аполлон-17» миссиясы кезінде түсірілген басқа да суреттер бар, бірақ олардың ешқайсысы «Instagram»-дағы фотосуреттермен сәйкес келмейді. Планетамыздың компьютерде өңделген кескінінде шайтанның контурын көруге болатындығы ештеңе білдірмейді. Адамның миы кез келген ақпаратты талдауға және жүйелендіруге тырысады, кейде бұл кері әсер береді. Мысалы, ми бір-бірімен байланысты емес заттарды байланыстыруға тырысады. Осы кезде апофения деп аталатын құбылыс пайда болады. Соның нәтижесінде біз Айдың бетінен «бейнелерді» көреміз, радиодағы кедергілерден «дауыстарды» естиміз және бұлттар контурынан сарайлар мен жануарлардың контурын байқаймыз. Яғни, біреу абстрактілі фигурадан бір нәрсені көрсе, бұл оның бар екенін дәлелдемейді. Адамдар әлем картасын бұрыннан қарап келеді және оны күлкілі нысандар түрінде ұсынады. Мәселен, әлем картасы Аустралиямен ойнап жатқан мысыққа ұқсайды. Ал Ұлыбританияның контуры айдаһар секілді. Алайда бұл аталған елдердің жоқ екенін білдірмейді. Демек, Жердің шайтанның бейнесі бар суреті – қастандық теориясын жақтаушылардың апофения құбылысын пайдалануының нәтижесі. Бұл суреттердің жалған екенін және оларды сатанистер жасағанын дәлелдемейді. Жасұлан Сейілханов
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар