Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көне Таразда әуенге толы жастар кеші өтті

Көне Таразда әуенге толы жастар кеші өтті
Автор
Тараз қаласындағы «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінде жастарға арналған LIVE-концерт шара өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен ұйымдастырылған кешке 5 мыңға жуық жас қатысты.

Концерт барысында қазақстандық эстрада орындаушылары IL’HAN мен BAYANSULU сахнаға шығып, танымал әндерін орындады. Концерт жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мәдени-көпшілік форматта өтті.

Кеш аясында «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Сәкен Ермек пен Қарақат Тұрсынхан қатысушылармен кездесіп, жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ оның қоғам үшін маңызы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында тараздықтар 15 наурызда өтетін референдумға қатысу мүмкіндігі туралы ақпарат алып, өз таңдауын жасауға шақырылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар