Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрғындардың осал тобына тиісті көмек көрсетілуде

Тұрғындардың осал тобына тиісті көмек көрсетілуде
ашық дереккөз
Тұрғындардың осал тобына тиісті көмек көрсетілуде
Жамбыл ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде атқарылып жатқан жұмыс көңіл көншітерлік. Осы бөлімде биыл нақтыланған бюджет қаражаты 989 438 мың теңгені құрапты. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 444 315 мың теңге, облыстық бюджеттен 80 278 мың теңге, қалғаны республикалық бюджеттен қаралған. Жалпы көпбалалы анаға, ана мен баланы қолдауға көңіл бөлу мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан ауданда халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын тұрғындарға қолдау көрсету ұдайы назарда тұр. Мәселен әлеуметтік жәрдемақылар бойынша жүргізіліп жатқан жұ­мыстар нәтижесі ойдағыдай. Аудан әкім­дігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ­дарламалар бөлімінің басшысы Жомарт Телеуовтің айтуынша, осы жылы ауданда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 380 782 мың теңге қаражат бөлінсе, оның ішінде республикалық бюджет трансферттері есебінен 300 782 мың теңге қаралыпты. Ал жергілікті бюджет қаражаты есебінен 80 000 мың теңге бөлінген. – Қазіргі таңда 541 отбасының 3 171 мүшесіне 205 539,1 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік көмекке 87070 мың теңге қаражат қаралды. Оның ішінде республикалық бюджет трансферттері есебінен 62070 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома – 25 000 мың теңге. Кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен 402 отбасындағы 748 1-6 жас аралығындағы балалар қамтылып, 28 824,7 мың теңгесі игерілді. Тұрғын үй жәрдемақысына 2 000 мың теңге қаражат қаралып, 40 өтініш қабылданып, 342,7 мың теңге тағайындалып, төленді. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек ретінде 141078 мың теңге қаражат қаралып, әлеуметтік көмекке мұқтаж 276 отбасыға 27769,4 мың теңге, Жеңіс күніне орай 156 Ұлы Отан соғысының ардагеріне 23 400 мың теңге, ҰОС ардагерлерінің 4 жесіріне 200,0 мың теңге, бейбіт уақытта қайтыс болған әскери қызметшілердің 8 отбасына 400 мың теңге, 147 тыл еңбеккеріне 7350,0 мың теңге бірреттік әлеуметтік көмек көрсетілді. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 6831 мың теңге қаражат бөлініп, 87 отбасындағы 91 балаға 3035 теңге берілді. Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек ретінде 65900 мың теңге қаражат қаралып, 2492 білім саласының мамандарына жұмсалатын 43000 мың теңге игерілді, – дейді Жомарт Тешебайұлы. Аудан бойынша мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамту ісі де тиісті деңгейде жүргізілуде. Осы жылға 2456 мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның ішінде І топтағылар саны – 320. ІІ топта – 825, ІІІ топта 783 адам бар болса, мүгедектігі бар балалар саны – 528. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету, инватакси қызметіне, үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 2023 жылға жалпы 248 880 мың теңге (жергілікті бюджеттен – 99476 мың теңге, облыстық бюджеттен – 49197 мың теңге, республика­лық бюджеттен – 100 207 мың теңге) қаражат бөлініпті. – Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға міндетті гигиеналық құралдар және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етуге 2023 жылға жалпы 84140 мың теңге (32086 мың теңге жергілікті бюджеттен, республикалық бюджеттен техкомпенсаторлық құралдарға 36157 мың теңге, облыстық бюджеттен 15897 мың теңге) бөлінді. Міндетті гигиеналық құралдар және компенсаторлық құралдар бойынша 752 өтініш тіркелген, оның 728-і көмекпен қамтылды. Бұл негізгі көрсеткіштің 96,2 пайызын құрайды. Нәтиженің облыстық көрсеткіштен төмен болуының себебі, 2023 жылдың 1 шілде айынан бастап алатын міндетті гигиеналық құрал (жөргек) 2 данадан төрт данаға көбейіп, шілде айымен айырмасы қайта тағайындалып берілуде. Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 18049 мың теңге (облыстық бюджеттен – 17624 мың, республикалық бюджеттен – 425 мың теңге) қаражат бөлінген. Протез-ортопедиялық құралдарға 425 өтініш тіркелген, оның 331-і көмек түрімен қамтылды. Тифлотехникалық құралдар бойынша 9799 мың теңге (республикалық бюджеттен – 945 мың теңге, облыстық бюджеттен – 8854 мың теңге) қаражат қаралса, тіркелген өтініш саны – 75, оның барлығы да тиісті көмекпен қамтылды. Ымдау тілі мамандарының қызметі үшін ымдау тілі маманын қажет ететін 23 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жалпы 9680 мың теңге қаражат (жергілікті бюджеттен – 4631 мың теңге, республикалық бюджеттен – 5049 мың теңге) бөлінді. Ымдау тілі маманы бойынша 28 өтініш түсіп, барлығы да ымдау маманы қызметін алуда. Жеке көмекшілердің қызметін көрсету бойынша жеке көмекшілердің қызметін қа­жет ете­тін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 9659 мың теңге (жергілікті бюджеттен) қаражат бөлініп, жеке көмекшілердің қызметін көрсету бойынша тіркелген 10 өтініш бойынша да тиісті азаматтар толығымен жеке көмекші қызметін алып жатыр. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі 92 балаға және 12 азамат 18 жастан асқан азаматтарға 15 әлеуметтік қызметкерлермен қызмет көрсетіледі. Осы жылға 46600 мың теңге (жергілікті бюджеттен) қаражат бөлінді. Көмек алушыларға «Шамшырақ-Тараз» мүгедектер қоғамдық бірлестігі қызмет көрсетуде. Инватакси қызметіне биылға 6500 мың теңге қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп, мүгедектігі бар адамдар осы инватакси қызметін пайдалануда. Осы жылы бұл қызметті «Жуалы» мүгедектер қоғамдық бірлестігі көрсетуде. Арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша 10025 мың теңге (облыстық бюджеттен – 6553 мың теңге, республикалық бюджеттен – 3472 мың теңге) бөлінді. Кресло-арбаларға 67 өтініш тіркеліп, оған барлық азамат қол жеткізді, – дейді осы бөлімнің бас маманы Шаттық Қарашолақов. Мүгедектігі бар азаматтар және ерекше қажеттілігі бар балаларға санаторлы-курорттық емделуге 52273 мың теңге республикалық бюджеттен қарастырылыпты. Санаторлы-курорттық емделуге 393 өтініш тіркелген екен. Оның 317-сі бүгінде тиісті орындарда емделіп қайтқан. – Сурдотехникалық құралдар бойынша 2155 мың теңге қаралса, оның 1886 мың теңгесі республикалық бюджеттен, қалған қаржы облыстық бюджет есебінен шешіліп отыр. Сурдотехникалық құралдарды қажет еткен азаматтардан 63 өтініш тіркеліп, бұл өтініштер де толық шешімін тапты. Жеке оңалту бағдарламасы негізінде барлығы 1814 өтініштің, 1618 өтініші орындалып, қалған 196 өтініш орындалып жатыр. Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету туралы №326 қаулысымен 2025 жылға дейінгі бекітілген ұлттық жоспарды және Қазақстан Республикасы Президентінің «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының 84-85 тармақтарын орындау аясында аудан бойынша мүгедектігі бар адамдардың нысандарға еркін кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында 17 нысанға бейімдеу жұмыстарын жүргізу қажет болған. Атап айтқанда, Бесағаш, Қызылқайнар, Көлқайнар, Өрнек, Тоғызтарау ауылдық округ әкімі аппараты бейімделуі керек еді. Қазіргі таңда 4 нысан орындалды. 1 ғимарат, яғни Тоғызтарау ауылдық округі әкімшілігі жаңа ғимаратқа көшуді жоспарлаған. Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Білім саласындағы Б.Бесбаев, М.Әуезов, №7, №3, Б.Момышұлы орта мектептерін бейімдеуге 6 242,4 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілген. Білім саласынан бүгінгі күнге 3 нысан бейімделді. Қалған 2 мектеп ішінара бейімделген. Ерназар, Жалпақтөбе, Қаракемер ауылдық клубтарына мүгедектігі бар азаматтардың кіріп-шығуын, қызмет алуын ыңғайластыру жоспарға енген. Осы жылы Жалпақтөбе, Ерназар, Қаракемер ауылдарындағы клубтарды бейімдеу жұмыстарына 450 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Сонымен қатар Қаракемер ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ішінара бейімделген. Онда тек пандус орнатылған, – деді Шаттық Бейсенбекұлы. Бүгінгі таңда аудандағы №12 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық «Шұғыла-Радуга» редакциясы орналасқан нысан, «Қазпошта» акционерлік қоғамы аудандық филиалының ғимаратына бейімдеу жұмыстары жүргізілмепті. Жалпы бейімделуі тиіс нысанның 10-ы бойынша жұмыс толық орындалған. Биыл болмаса да келер жылы жұрт жиі бас сұғатын мекемелер талапқа сай бейімделеді деген сенімдеміз. Нұрым Сырғабаев
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар