XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
Қоғамның даму кезеңі жедел ақпараттандырумен сипатталады. Ақпараттық-компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі қазіргі заман талабы. Қазақ жастарының әлемдік ғылыми жаңалықтардан, әдебиеттерден шет қалмай, ондағы жаңашылдықты білуіне де назар аударылуда.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында және әртүрлі әдістемелік құралдарды пайдалану студенттердің қызығушылығы артуда. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Ақпараттық-технологиялардың мақсаты – адамның талдау жасай отырып, белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешім қабылдай алатындай ақпаратты өңдеу. Ақпараттық қоғам аймағында студенттердің ойлау қабілетін арттыруды қалыптастыру, жаңаша педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін ең әуелі сапалы білім қажет.
XXI ғасыр – бұл информатика мен технологиялар ғасыры. Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту. Егеменді еліміздің жастары келешегі кемел, білімді де білікті болуы үшін барлық жағдай жасалып келеді.
Маржан АЛМАҒАМБЕТОВА,
Жамбыл политехникалық
жоғары колледжінің оқытушысы
Келесі мақала
«Жамбылполитех»-тің жемісті жолы жемісті жолы
Ұқсас жаңалықтар
Білім
Қазақстандық студент халықаралық BRICS чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2025
Білім
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




