«Адалдыққа бір қадам» акциясы Меркі ауданында өткізілді
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастауымен жүзеге асырылған «Адалдыққа бір қадам» акциясы Меркі ауданында өткізілді.
Акция аясында 15 бағытта іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде ауданның 9 мыңнан астапм тұрғынына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар қатарында әр ауылдық огругте баннер орнату, тұрғындарға жадынама тарату, лед экранда бейнеролик орналастыру, «Қазпошта», «Қазақтелеком», Халыққа қызмет көрсету орталығында таратылатын газет өнімдері мен түбіртектерге және әр округтағы дүкендердегі тауар өнімдеріне стикер жабыстыру, ауылдық деңгейдегі ватсап-чаттарға бейнеролик пен таратпа материалдар жолдау, әр мекемеге «1424 call-орталығы» туралы жадынама орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Акция нәтижесі және әлеуметтік сауалнама қорытындысы аудан әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, нәтижесі бойынша бірнеше хаттамалық тапсырмалар берілді.Жиында аудан әкімі Ж.Баубеков сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің нөлдік деңгейін қалыптастыру керектігін айтып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




