Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нұрлан Әбдіров Жамбыл облысының аудан әкімдерін сайлауға дайындығын тексерді

Нұрлан Әбдіров Жамбыл облысының  аудан әкімдерін сайлауға дайындығын тексерді
ашық дереккөз
Нұрлан Әбдіров Жамбыл облысының аудан әкімдерін сайлауға дайындығын тексерді
Ағымдағы жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пилоттық аудандар әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу барысын тексеру үшін жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман және Ортсайлауком аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты. Сапар барысында ОСК басшысы Жуалы және Т.Рысқұлов аудандарында жастармен кездесіп Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси жүйедегі конституциялық реформалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, аралас сайлау жүйесіне көшу және азаматтардың бір мандатты сайлау округтері бойынша өкілді органдарға сайлану мүмкіндігі, саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне өту шегін төмендету, Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою, өткен және алдағы сайлау науқандары, сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту туралы сөз болды. Кездесу барысында 100 қатысушы арасында онлайн сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде, респонденттердің 40,3%-ы қашықтықтан электрондық дауыс беруді енгізуді және 80%-ға жуығы ел Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді міндетті түрде білуі және лингвистикалық емтихан тапсыруы туралы талапты қолдап, дауыс берді; сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (61,2%) соттылығы бар азамат әртүрлі деңгейдегі сайланбалы лауазымдарға ұсыныла алмайды деп санайды. Сапар барысында Жамбыл облысының бірқатар сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты. Сайлау учаскелеріне барған кезде ол мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету қажеттілігін және бақылаушылардың жұмыс істеуі үшін жағдайды қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Жуалы ауданында Н. Әбдіров жастармен, содан кейін тұрғындармен және Нұрлыкент ауылының әкімімен кездесті. Кездесулерде ол орын алған конституциялық өзгерістердің мәнін, дауыс берудің баламалы нысандарын қолданудың халықаралық тәжірибесін, пропорционалды жүйемен қатар мажоритарлық жүйені қолдану, сондай-ақ аудандық деңгейдегі әкімдердің сайлауын алғаш рет өткізетінін егжей-тегжейлі баяндады. Жуалы ауданының жастарымен кездесуде қоғамдық ұйымның өкілі Асқар Қадырқұлұлы дауыс берудің электрондық жүйесін пайдалану кезінде байқаушылардың рөліне және мемлекет тарапынан байқаушыларды қолдауға қызығушылық танытты. Нұрлыкент ауылының тұрғындары өздері сайлаған әкімнің бастамаларын қолдайды. Мәселен, Батырхан Наурызбаев ауыл әкімінің ауыл көшелерінің тазалығы мен жарықтандырылуы бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы оң пікір білдірді. Т.Рысқұлов атындағы ауданда - ауыл жастарымен кездесті. Сапар аясында Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен Жамбыл облысының екі ауданында әкім сайлауын пилоттық режимде өткізу мәселелері бойынша кеңестер өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар мен сайлауға дайындық туралы аумақтық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары баяндады. ОСК төрағасы кеңестерге қатысқан лауазымды тұлғалардың назарын сайлау заңнамасына қатаң сәйкестікте сайлауды өткізу және қоғамдық және өзге де қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігіне аударды. Жамбыл облысының пилоттық аудандарына барған кезде учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлық деңгейіне бағалау жүргізілді. Оқыту семинарлары аясында дәстүрлі түрде «Дауыс беру күні» іскерлік ойыны өткізілді, онда сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы кейстік тапсырмалар ойналды, дауыс беру күні туындайтын стандартты емес жағдайлар модельденді және оларды шешу тәсілдеріне құзыретті түсініктемелер берілді.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар