Жасыл алаңда бақ сынасты
25 қазан – Республика күніне орай жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері бұқаралық спорттан бақ сынасты. Дәлірек айтқанда, тәртіп сақшылары кіші футболдан өзара кім мықтыны анықтады. Бұл күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты түзеу мекемелері мен пробация бөлімдерінің жеке құрам қызметкерлері және сала ардагерлері жасыл алаңда кездесті.
Тартысты өткен ойынның нәтижесінде №58 мекемесінің командасы жеңіс тұғырынан көріне білді. Ал, жүлделі ІІ орынды №25 мекемесінің құрамасы иеленсе №59 мекеменің намысын қорғаушы команда үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, №58 мекемесінің қызметкері, әділет аға лейтенанты Абзал Жампозов «Үздік қорғаушы» номинациясын иемденді. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, грамота және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Келесі мақала
Аудан әкімдерін халық өзі сайлайды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024