Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Меркідегі мерейлі істер

Меркідегі мерейлі істер
ашық дереккөз
Меркідегі мерейлі істер
Өңірлік коммуникациялар алаңында Меркі ауданы, Меркі ауылдық округінің әкімі Ғазиз Байарыстанның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Меркі ауылдық округі Меркі және «Меркі» шипажайы сынды 2 елді мекеннен құралған. Ондағы жалпы халық саны 17 241 адамды құрайды. Аула саны – 3 863. Округте 54 көше тіркелген. Ғ.Доғдырбайұлы осы жылдың 9 айында округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқанын айтады. Мәселен ауылшаруашылығы саласы бойынша 82,9 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құраған. Оның ішінде өсімдікшаруашылығы бойынша өндірілген жалпы өнім көлемі 42,4 миллион теңге болса, малшаруашылығы бойынша өндірілген жалпы өнім көлемі 40,5 миллион теңгені құрапты. Ауылдық округтің осы жылдың 9 айында салықтық және салықтық емес түсімдерінің жоспары 44,6 миллион теңгені құраса, қазірдің өзінде 122,7 миллионды құрап, асыра орындалып отыр. Жалпы ауылдық округтегі 3 863 ауланың 3 833-і ауызсумен қамтылған, яғни қамту үлесі 99,2 пайызды құрайды. Округтегі 54 көшенің жалпы ұзындығы – 120 шақырым, оның 86 шақырымында орталықтандырылған ауызсу жүйесі тартылған. Алайда ауызсу жүйесінің 80 пайыздан астамының тозығы жетіп отыр екен. «Осыған байланысты аудандық бюджеттен 34,2 миллион теңгеге Меркі ауылдық округінің орталықтандырылған ауызсу жүйесін қайта жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлініп, тиісті жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жақын күндері сараптама қорытындысын алатын боламыз. Аталған жобаны 2025 жылға дейінгі елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында республикалық бюджетке ұсыныс ретінде жолдаймыз, – дейді Ғазиз Доғдырбайұлы. Елді мекенді газдандыру мәселесіне тоқталған округ әкімі 3 863 ауланың 3 858-і немесе 99,8 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті. Электр жүйесі бойынша да елді мекендерде мәселе жоқ. Сонымен қатар азаматтарға кезектілікпен жер телімін беру мәселесіне тоқталып өтті. – Жер кезегінде жалпы ауылдық округте 5 959 азамат тіркелген. Қазіргі таңда 109 гектар алқапты үлестіру мақсатында қажетті инфрақұрылым жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ электр желісін тартуға бюджеттен 274,9 миллион теңге қаражат қарастырылып, жұмыстар толық аяқталды. Сонымен қатар ауызсу жүйесін тартуға бюджеттен 588,7 миллион теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі таңға жұмыстар жүргізілуде. Көше жолдарын салуға 258,3 жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджетке өтінім жолданған. Аталған алқапқа инфрақұрылым тартылғаннан кейін 600 жуық азамат кезек бойынша жер телімдерін алатын болады, – деді баяндамашы. Округ әкімі мұнан кейін кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, жастар, елді мекендерді аббаттандыру және көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстармен бөлісті. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар