Сібір жарасы қауіпті
Сібір жарасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Мұның қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді болып келеді. Тіпті топырақта ондаған жыл бойы сақтала алады. Жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды.
Жалпы инфекция көзі – ауру жануарлар. Ол жануардың зәрі мен нәжісінде ауру қоздырғышы анықталады. Негізгі жұғу жолы – су және жем арқылы. Адам ауру жануарды сойғанда, малға күтім көрсеткенде, ауру малдың етін, сүтін пайдаланғанда, споралары бар терісін қолданғанда жұғады. Адамда дене қызуының көтерілуі, тері жарасы, ісіну, ал ауыр формаларында қанды іш өту және құсу, ішінің ауыруы, өкпе аурулары, жүрек әлсіздігі пайда болады. Емдеусіз ауру өліммен аяқталады. Сібір жарасынан қайтыс болған мәйіттердің көмген орындарын анықтау, есепке алу және залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Сібір жарасы бойынша қолайсыз аймақтардағы жануарлардың екпесін жүргізу қажет. Жұқтырған немесе күдіктелген жануарларды дереу оқшаулау керек. Қолайсыз тұрғын аймақтарынан жануарлардың әкелінуі мен әкетілуін, ет, сүт және тері шикізаттарының шығарылуын болдырмағанымыз жөн. Барлық күдікті жағдайлар және малдың қырылуы жайлы дереу түрде ветеринарлық мекемелерге ақпарат беру керек. Сібір жарасын жұқтыру қатері бар адамдарды аталған вирусқа қарсы егу қажет. Мәжбүрлі сою кезінде еттің және басқа өнімдердің қауіпсіздігін растау үшін міндетті түрде лабораториялық зерттеулер өткізген дұрыс. Үй жағдайындағы қасапта терілерді тері шикізатымен айналысатын мекемелерге өткізу алдында оларды Сібір жарасына лабораториялық зерттеу өткізу керек.
Еркежан Амирова,
Жуалы аудандық орталық ауруханасының эпидемиолог дәрігері
Келесі мақала
«МЕНДЕЛЕЕВ СЫНЫБЫ» АШЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024