Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа істерге жігерлендіреді

Жаңа істерге жігерлендіреді
ашық дереккөз
Жаңа істерге жігерлендіреді
Президентіміздің соңғы Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұғымдары бірге жүруі қажет» деген сөзіне тоқталып өткім келеді. Мемлекеттің дамып, өркендеп, қуатты болуы оның халқының ұмтылысына қатты тәуелді. Осы ретте біз, жастар білімді және адал, белсенді әрі әділетті болуымыз тиіс. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жастарға, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға қатысты жасалған қылмыстар қатаң жазалануы қажеттігін атап өтті. «Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек», деді Қ.Тоқаев. Шынында да жасөспірімдер арасындағы буллиң пен кибербуллиңнен жапа шегушілер аз емес. Бала өміріндегі өтпелі кезеңдерде қоғам тарапынан болған түрлі қысымдар оның алдағы өміріне қатты әсер етеді. Сол үшін нақты жұмыстар жүргізу және онымен күресу – қоғам талабы. Жолдауда сөз болған минималды айлықақыны келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 мың теңгеге көтеру өте орынды шешім болып отыр. Кәсіпкерлерді құқық қорғау органдарының негізсіз қудалауы қатаң бақылану керегін тағы айтып өтті. Әрине, аталған мәселе қоғамда әлі де жиі кездесуде. Орта бизнесті қолдауды дамыту үшін Үкіметке тапсырма берілді. Ол ел экономикасын арттыру үшін жасалған маңызды қадам. АЭС салуды жалпыұлттық референдум арқылы шешу – демоктратиялық принциптердің орындалуының жарқын көрінісі. Алдағы уақытта біртіндеп аудан, қала және облыс әкімдерін сайлау жергілікті билік өкілдерінің халық талабына сай қызмет атқаруы үшін ұтымды шешім болмақ. Теміржан ІЗТІЛЕУОВ, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар