Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ескертулерді елеусіз қалдырмайық

Ескертулерді елеусіз қалдырмайық
ашық дереккөз
Ескертулерді елеусіз қалдырмайық
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында қатты және сұйық отынмен жанатын пештерде, жылыту жүйелерінде жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және газдан уланудың алдын алу бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Онда 2023-2024 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық, табиғи газды қауіпсіз пайдалану жөнінде баяндама жасалды. Баяндаманы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Абыл Юсупов жасады. Баспасөз жиналысында сөз сөйлеген төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М.Әкімбаевтың айтуынша өткен жылыту маусымында тұрғын үй секторында 233 өрт жағдайы тіркеліп, 6 адам қаза тапқан, сондай-ақ 5 адам жарақат алыпты. Ал улы газдан 4 адам қаза тауып, 23 адам зардап шеккен. Сонымен қатар ол биылғы 9 ай ішінде жалпы облыс аумағында 611 өрт тіркеліп, оның салдарынан 15 адам қаза тапқанын айтып, тұрғындарды жылыту маусымына орай өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды. Ал «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының Жамбыл өндірістік филиалы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы А.Юсупов облыста 2022-2023 жылғы жылыту кезеңінде келіп түскен жазатайым оқиғалардың саны – 69, зардап шеккен – 172 адам, оның ішінде өлім жағдайымен 9 адам тіркелгенін айтып, табиғи газды қолдануда тұрғындарды абай болуға шақырды. Шапағат ӘБДІР
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар