Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ ДӘРІС ОҚЫДЫ

ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ ДӘРІС ОҚЫДЫ
ашық дереккөз
ТӘЖІРИБЕЛІ ҰСТАЗ ДӘРІС ОҚЫДЫ
Дулати университетінде ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, «Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры» қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың Жамбыл облысы ұстаздарымен кездесуі өтті. Кездесуде Күләш Ноғатайқызы білім беру саласында соңғы зерттеулерге негізделген дәрістер циклын оқыды. Дәрістер циклы үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Қазіргі әлем: Білім беру саласына қойылатын талаптар» тақырыбына арналды. Онда әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер, білімге әсер ететін тенденциялар, жақын арада білім беруді дамыту бағыттарын айқындайтын трендтер, еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер айтылды. «Білім беру процесін ұйымдастырудың кейбір мәселелері» тақырыбымен дәрістің екінші бөлімі жалғасын тапты. Бұл бөлімде «Біз кімге сабақ береміз? Білім мазмұнына не қосу керек, білім беру ортасы туралы не білеміз?» деген сауалдарды ортаға тастап, ой қозғады. Үшінші бөлім «Ұстаз» тақырыбына арналды. Қоғамдағы мұғалімнің рөлі, оқушыларды тиімді оқыту, мұғалімнің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша сөз қозғап, қатысушылар өзара пікір алмасты. Жиында ұстаздар қауымы тәжірибе алмасып, ой түйіп қайтты. Медиа-қызмет
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар