Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖИЫН

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖИЫН
ашық дереккөз
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕГЕН ЖИЫН
Қазақ қартты сыйлап, жасты мейірімге бөлеген халық. Сондықтан да ғасырлар бойы атамыз айтқан әр сөзді аңызға айналдырып, әжеміз айтқан әр ақылды санамызға құйып келеміз. Біз қарттарымыздың көлеңкесін саялаймыз, самалына салқындаймыз. Теміржолшылардың ішінде де елге сыйлы, құрмет құшағындағы ардагерлеріміз аз емес. Теміржолшы ардагерлердің өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде тұрақты түрде түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осы орайда ардагерлеріміздің жастармен кездесулеріне ұйытқы болып жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляйля Нұрланқызы мен «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ильяс Лесбаев мырзаға айрықша рақмет айтқымыз келеді. Өйткені ардагерлердің ақылын тыңдау арқылы жастар өздерінің жолына жарық түсіреді. Ал біздің саладағы санаулы ардагерлерімізге тоқталсақ, «Құрметті теміржолшы», Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Зулбыхар Серікбаев, Хасан Курбанов және білім саласында еңбек етіп келе жатқан Людмила Николаевна және кітапханашы Баян Жалбиеваны айрықша атап өтуге болады. Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі осы уақытқа дейін теміржол қызметкерлерінің бірден-бір ұстаханасы болғаны анық. Жоғарыда аты аталған ардагерлер де колледждің түлектері және басшылық қызметте болған тұлғалар. Бүгінгі таңда Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі ардагерлер мен жастардың арасына алтын көпір болып, шақырып, жиі-жиі кездесу өткізіп, үлгі-өнегесін жастарға жеткізіп отырады. Бұл ұрпақ сабақтастығы мен тәрбиесіне қосып жатқан үлес десек те артық айтпаған болар едік. Жаңағы біздің қазыналы қарт деп отырғанымыз да, міне, сол ардагерлеріміз. Олардың өмірі бізге қашанда үлгі. Ардагерлерді ардақтап, қарттарға құрмет к ө р с ет у б і з д і ң о т б а с ы л ы қ құндылықтарымыздың ең бір жауһар үлгісі деп бағалаған дұрыс. Бүгінгі қоғамға да сол тәрбие жетіспейді. Қазіргі жастар қарттарды сыйламайды деген қауесеттерді де құлағымыз шалып қалып жүр. Демек, бұдан біз отбасылық құндылықтарымыздың әлсірегенін к ө р е а л а м ы з . С о н д ы қ т а н от ба с ы л ы қ қ ұ н д ы л ы қ та рд ы дәріптегенде, бірінші кезекте, кішіні аялау, үлкенді сыйлау деген қағида тұруы тиіс. Жастарға «халқым сыйласын десең, қартын сыйла» деген ұстанымды тереңірек сіңіру керек. Сонда ғана қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан отбасы құндылықтарын қайта жаңғыртқан болар едік. Ұлжан КЕНЖЕБАЕВА, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің директоры
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар